№57 «Ақбота» бөбекжайы МКҚК

№ 57 «Ақбота» бөбекжайы МКҚК – 2008 жылдың ақпан айында ашылды.

№ 57 «Ақбота» бөбекжайы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, Ақтау қаласы, 28 шағын ауданда орналасқан. Балабақша типтік жобамен 13 топ, құрылымы бойынша сыйымдылығы: 320 балаға арналып салынған. Балабақшада 12 топ, 9 сағаттық және 1 кезекші топ жұмыс жасайды.Түгелдей қазақ тілінде жұмыс жасайтын, мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын.
Бөбекжайда жоғары білімді педагогтар мен білікті мамандар қызмет етеді. Қазіргі таңда 20 - жоғары білімді, 17 - арнаулы орта білімді, жоғарғы және І, ІІ санаттағы педагогтар балаларға тәлім-тәрбие береді.

Мекемеде балалар үшін барлық жағдай жасалған: 12 жабдықталған топ бөлмелері, орыс және ағылшын тілі, өзін-өзі тану, бейнелеу, логопед, ән-саз және дене шынықтыру залдары бар. 
Бөбекжай барлық облыс, қала көлемінде өткізілетін шараларға да белсене қатысады. Қалалық және облыстық «Әкем, анам және мен» атты спорттық сайысына бөбекжайымыздың № 10 топ тәрбиеленушісі Жаниязов Бақтияр отбасымен қатысып, І дәрежелі дипломмен марапатталды. 2014-2015 оқу жылында бөбекжайымыз қалалық «Ең үздік мектепке дейінгі ұйым-2014» байқауынан бас жүлдеге ие болды.