Үй жануарлары

Үйсимбаева Жаннұр Күзенбайқызы
№57 «Ақбота» балабақшасының 
тәрбиешісі
«Үй жануарлары».
Мақсаты: 1) Үй жануарлары, төлдері туралы білімдерін кеңейту. Үй 
жануарларының, төлдерінің атын дұрыс айта білуге үйрету;
2) Неліктен үй жануарлары деп аталатыны жөнінде түсінік беру. 
Сурет бойынша әңгіме құрастыруға үйрету. Олардың пайдасын 
айту.
3) Күтіп баптауға, қорғап, қамқорлық жасауға төлдерге деген 
сүйіспеншілік сезімдерін ояту арқылы тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: мазмұнды және үлестірмелі суреттер, ойыншықтар, оқулық суреттері, үй жануарларының төлдерінің суреттері, жұмбақтар, мақал-мәтелдер.
Жүрісі:
Тәрбиеші: Балалар бүгін көңіл-күйлерің қалай?
Балалар: жақсы...
Тәрбиеші: Қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: қыс...
Тәрбиеші: Қыс мезгілінде ауа-райы қандай болады?
(Балалар жауабы)
Тәрбиеші: Өте дұрыс. Әр жыл мезгілі неше айдан тұрады?
Балалар: 3 айдан...
Тәрбиеші: Жарайсыңдар! Қане қыс мезгілінің 3 айын атаңдаршы.
Балалар: Желтоқсан, қаңтар, ақпан...
Тәрбиеші: 1аптада неше күн бар?
Балалар: 7күн...
Тәрбиеші: Олай болса атаңдаршы.
Балалар: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар! Балабақшаға неше күн келесіңдер?
Балалар: 5 күн...
Тәрбиеші: Ал неше күн демаласыңдар?
Балалар: 2 күн...
Тәрбиеші: Балалар мына суреттерге қараңдаршы. Бұлар нелер?
Балалар: үй жануарлары...
Тәрбиеші: Үй жануарларына нелер жатады?
Балалар: түйе, сиыр, жылқы, кой-ешкі...
Тәрбиеші: Оларды бір сөзбен қалай атаймыз?
Балалар: төрт түлік...
Тәрбиеші: Үй жануарлары немен қоректенеді?
Балалар: жеммен, шөппен, сумен...
Тәрбиеші: Олар адамға не береді?
Балалар: ет, сүт, жүн...
Тәрбиеші: Адамға қандай пайдасы бар?
Балалар: Төрт түлікті ерте кезде адамдар көлік ретінде пайдаланған.
Тәрбиеші: Биенің сүтін не деп атаймыз?
Балалар: Қымыз...
Тәрбиеші: Ал түйенің сүтінен не жасаймыз?
Балалар: шұбат, балқаймақ, құрт...
Тәрбиеші: Осы төрт түлік төлдерін атайықшы?!
Балалар: түйе-бота, жылқы-құлын, сиыр-бұзау, қой-қозы, ешкі-лақ.
Тәрбиеші: Енді балалар төрт түліктің аталары бар, соларды атайықшы?
Балалар:Туйе-Ойсылқара, жылқы- Қамбар Ата, сиыр- Зеңгібаба, қой- Шопан 
Ата, ешкі- Сексек Ата.
«Жануарлар қалай дыбыстайды?» дидактикалық ойыны.
Ойынға қатысушылар өздері білгенінше жануарлардың қайсысы қалай дыбыстайтынын айтады. Кім көп білсе, сол жүргізуші болады.
-Жылқы кісінейді, сиыр мөңірейді.
-Қой,ешкі маңырайды, түйе боздайды т.б
Тәрбиеші: Балалар төрт түлікке арнап жаттаған мақалдар мен жұмбақтарды айтыңдаршы.
Жұмбақтарды шешу: 1. Басында екі таяғы бар, төрт аяғы бар,
2. Адам деуге болмайды, сақалы тағы бар. (ешкі)
3.Кішкентай ғана бойы бар, айналдырып киген тоны бар. (қой)

Тәрбиеші: Балалар малдың төлдері қалай аталады?
Балалар: Қошақан, ботақан... 
Тәрбиеші: Төлдер қалай ойнайды?
Балалар: секіреді, жүгіреді...
Тәрбиеші: Балалар төрт түлікке арналған тақпақтарымызды айтайық.
1-бала: Шөре,шөре лағым,
Тентек болма шырағым.
Секеңдемей деміңді ал,
Селтеңдеме құлағың.
2-бала: Қара көзің мөлдіреп,
Қызықтырмай қоймайды.
Жібек жүнің үлбіреп,
Қарасам көз тоймайды.
3-бала: Әукім-Әукім,әукешім,
Қасиыншы әукесін.
Енең әне келеді,
Ақ мамасын береді.
4-бала: Құлыншағым құндызым,
Құлдырайды шабады.
Жылтыңдаған жұлдызым
Құстай қанат қағады.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар сендер көп тақпақ біледі екенсіңдер.
Қорытынды: Балалар біз бүгін үй жануарларымен, олардың төлдерімен таныстық.Оларға қамқорлықпен қарауды, қорғауды үйрендік.Үй жануарларының пайдасымен таныстық.Енді сабағымыздың соңында «Қошақаным» әнін орындайық. 

Жарияланған күні: 25-12-2013  



«Елі сүйген, елін сүйген – Елбасы!»


Жарияланған күні: 24-05-2017  

Туған күнге арналған тәтті тоқаштар

icon

Білімділік: Нанның қандай еңбекпен дастырханға келетінін , балалармен бірге қайталай отырып , нанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Балаларды аспазшы кипіне еніп, ұннан жасалған өніммнен әр түрлі тәттілерді, орау , бүктеу, бастыру әдісін пайдалана отырып тоқаштар жасауға үйрету. Балаларға мерекені естеріне түсіре отырып, топ ішіндегі балалардың туған күндерінде бір-біріне жылы сөздер және мерекелік көңіл күй сыйлауға талпындыру. 
Тәрбелік: Балалардың бойында достық сезімін құрметтеуге тәрбиелеу. 
Дамытушылық: Балалардың ақыл-ойын, тілдік қорын, нанға деген сүйіспеншілігін дамыту.  


Жарияланған күні: 16-02-2016  

Қош бол балабақша!

Өтті қызық көп күндер,
Жеті жасқа жеттіңдер.
Барады олар мектепке,
Бір белестен өткендер  


Жарияланған күні: 25-05-2015  

Достық, Ынтымақ, Жеңіс күні

Балаларға Қазақстан Республикасының әлемде ең алғашқы мемлекеттің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру. Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлауға үйрету. Балаларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық тәрбие беру. 


Жарияланған күні: 12-05-2015  

Наурыз-жыл басы

Мақсаты: Балаларға наурыз мерекесі туралы мәлімет беру, салт – дәстүрмен таныстыру. Сыйластыққа , мәдениеттілікке тәрбиелеу. Қуанышты көңіл –күй сыйлау. 


Жарияланған күні: 06-04-2015  

"Мерекеңмен анашым"-ересектер тобы

8-наурыз мейрамы туралы түсінік беру, анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, аналар туралы өлең шумақтарын оқуда мәнерлі, сауатты, анық оқи алуға машықтандыру; 
оқушыны ізгілік, инабаттылық, сыйластық, адамгершілік сияқты қасиеттерге тәрбиелеу.
Залға әуенмен ұлдар кіреді. Екі жаққа тұрып қыздарды шапалақпен күтіп алып, орындарына отырғызады. 


Жарияланған күні: 13-03-2015  

Қыс қызығы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Көркем әдебиет,қоршаған ортамен таныстыру.
Мақсаты: Балалардың табиғат құбылысы жайлы ұғымдарын кеңейту, туған өлкеге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, тілдерін дамыту,балаларға қыс туралы түсінік беру,қыс мезгілінің ерекшелігін түсіндіру.Ормандағы аңдарға, құстарға қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.
Алдын-ала жұмыс: дамыту, сұрақтарға жауап беруге үйрету.Қыс мезгілінің сұлулығын тамашалай білуге тәрбиелеу және ойын арқылы шапшаң қимылдар жасау икемділігін арттыру.
Көрнекілігі: Қар жамылған ағаштар, қарлар, қыс суреттері, аю кейіпкері, аққала кейіпкері, құстардың, аңдардың кеспе суреттері.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ- жауап, әңгімелеу, ойын ойнау, саяхат, мадақтау.
Сөздік жұмыс: қарлы, ызғарлы, аққала
Алдын-ала жұмыс: Қыс туралы өлеңдер жаттау, суреттермен жұмыс жасау. 


Жарияланған күні: 12-02-2015  

Қош келдің, Жаңа жыл!

Балалар әуенмен залға кіреді. Шыршаны айналып, дөңгелене тұрады. 


Жарияланған күні: 19-12-2014  

Желтоқсан жаңғырығы

Еліміздің тәуелсіз ел болу тарихына тоқталу, балалардың Отанын, жерін, елін сүюге, құрметтеуге баулу. Ел теңсіздігі, желтоқсан оқиғасы туралы түсінік беру. Тәуелсіз елге білімді ұрпақ тәрбиелеу. 


Жарияланған күні: 11-12-2014  

Армысың, Алтын күз

Мақсаты:Күз мезгілінің қыр-сырын жете меңгере білу.Оның өзгерістерімен таныстыру,әсемдікке баулу. Күзгі еңбек және табиғатты сүю, қорғау. Күз туралы балалардың дүниетанымдарын арттыру. Ата-ана, бала мен балабақша арасында қатынас орнату. 


Жарияланған күні: 29-11-2014  

Ғажайыптар әлемі

Білімділік: Балалардың бұрыннан таныс ертегілерін естеріне түсіріп, көркем шығармаға деген қызығушылығын арттыру. Сол арқылы ой өрісін, дүниетанымын кеңейту.
Дамытушылық: Ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту. Жарысқа, жылдамдыққа, ортақ мақсатқа, қызығушылыққа, ойын кезінде алған білімдерін көрсете білуге үйрету. 


Жарияланған күні: 19-11-2014  

Халықтар достастығы

-Ынтымақ, бірлік ұғымдарын түсіндіру
-Достық қарым-қатынасты нығайту
-Татулықта, бірлікте өмір сүруге тәрбиелеу.  


Жарияланған күні: 12-10-2014  

Табиғатты аялайық

Мақсаты:Ертегіні ағылшын тілінде сахналау арқылы, бір-бірімен диалог арқылы, еркін сөйлеуге дағдыландыру.Тақпақ, ойын, ән айту арқылы ағылшын тіліне қызығушылығын арттыру. Балаларға экологиялық, танымдық ұғым беру.Өз ойларын еркін жеткізе білуге үйрету. Табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыруға, әсемдікті, әдемілікті көре білуге,табиғатты қорғап аялауға үйрету.  


Жарияланған күні: 23-05-2014  

Көрікті көктем

Табиғат құбылысындағы мезгілдік өзгерістер туралы білімдерін бетіту. Бөлме гулдерін танып, олардың атауын дұрыс атау. Бөлме гулдерін отырғызу және көбейту тәсілдері туралы білімдерін бекіту. Граматикалық формада дұрыс сөйлеуге уйрету. Сөздік қорын молайту.Қоршаған ортаны,табиғатты аялай білуге уйрету. Табиғатқа деген суйіспеншілігін арттыру. Гүлдерге қамқорлық жасай білуге,ұқыптылыққа тәрбиелеу. 


Жарияланған күні: 30-04-2014  

Ғарышқа математикамен бірге

Білімділігі:Ғарышқа саяхат жасай отырып,балалардың математикаға деген қызығушылығын арттыру.Балалардың апта күндерін ретімен жаңылмай айтуға, санды санау,тура және кері санау,геометриялық пішіндерді ажыратып айтып білуін бекіту. 


Жарияланған күні: 14-03-2014  

Туған өлкеге саяхат

Туған ел. Отан жайында түсініктерін қалыптастыру. «Туған жер, ел, Отан» сөздерінің мәнін ашып, ойларын кеңейту; өз елі үшін мақтаныш сезімін қалыптастыру; туған елге деген құрмет; махаббат сезімдеріне тәрбиелеу; ұлттық қолөнеріне, өнерге, ойынға қызығушылығын арттырып, еңбекке баулу.  


Жарияланған күні: 14-02-2014  

Туған жер – алтын бесігім

Балаларға «Отан», «туған жер», «менің қалам» сөздерінің құндылықтарын түсіндіру.Туған жерін, елін сүюге, қадірлей білуге тәрбиелеу.Балалардың бойында патриоттық сезімдерді арттыру. 


Жарияланған күні: 10-01-2014  

Үй жануарлары

Үй жануарлары, төлдері туралы білімдерін кеңейту. Үй 
жануарларының, төлдерінің атын дұрыс айта білуге үйрету; Неліктен үй жануарлары деп аталатыны жөнінде түсінік беру. 
Сурет бойынша әңгіме құрастыруға үйрету. Олардың пайдасын 
айту. Күтіп баптауға, қорғап, қамқорлық жасауға төлдерге деген 
сүйіспеншілік сезімдерін ояту арқылы тәрбиелеу. 


Жарияланған күні: 25-12-2013  

Күз көрінісі (Ашық серуен жоспары)

Сабақ мақсаты: Балалардың күз мезгілі туралы түсінігін одан әрі кеңейту.
Баланың табиғатқа деген қызығушылығын арттыра отырып табиғаттағы мерзімдік құбылыстар жайлы, өсімдіктер әлемі мен құстар туралы түсінігін қалыптастыру ісін одан әрі жалғастыру. Сондай ақ табиғат құбылыстарын мұқият бақылауға және олардың арасындағы қарапайым байланысты анықтауға табиғаттың әсемдігін сезініп сүйе білуге, өсімдіктермен, жануарларға, құстарға қамқорлық пен қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу.  


Жарияланған күні: 01-11-2013  

“Fantasy Story World” "Ғажайып ертегілер әлемі"

Балалардың ертегідегі кейіпкерлердің рөлін ойнау арқылы әртістік қабілетін дамыту, ағылшын тілінде мәнерлеп сөйлеуге үйрету. Олардың дауысын салып, қызыға ойнау дағдыларын қалыптастастыру. Балалардың ертегіге, ағылшын тіліне деген қызығушылықтарын арттырып, сезімін, қиялын ояту.  


Жарияланған күні: 05-10-2013  

A trip to London

Мақсаты: балалардың сөйлеу дағдысын қалыптастыру, олардың Лондон туралы ой-өрісін дамыту, сөздік қорын молайту, адамгершілікке және өзге мемлекеттің тілін, салт-дәстүрін құрметтей білуге тәрбиелеу. 


Жарияланған күні: 27-03-2013