Туған өлкеге саяхат

Тажіғұлова Ақнұр Қайырбайқызы

№57 «Ақбота» балабақшасының тәрбиешісі
Маңғыстау облысы
Ақтау қаласы
Мақсаты: Туған ел. Отан жайында түсініктерін қалыптастыру. «Туған жер, ел, Отан» сөздерінің мәнін ашып, ойларын кеңейту; өз елі үшін мақтаныш сезімін қалыптастыру; туған елге деген құрмет; махаббат сезімдеріне тәрбиелеу; ұлттық қолөнеріне, өнерге, ойынға қызығушылығын арттырып, еңбекке баулу. 
(Балалар залға кіреді жарты шеңберде қонақтармен амандасады).
Тәрбиеші: Олай болса орнымызға жайғасайық. Ал енді туған еліміз туралы әңгімелесейікші. Біздің еліміз ұлан – байтақ, тау, суы, жері бай ел. Олай болса туған елімізге отанымыз туралы тақпақтар білеміз бе.
1 Бала: Ата – бабам жанын қиып қорғаған
Ақ тілегін ұрпағына арнаған
Қазақстан алтын ұя Отаным
Жайнай берші, мәңгі гүлдеп әрқашан
2 Бала: Жайнаған сансыз қаласы
Жайқалаған жомарт даласы
Ел отан біздің кең байтақ
Отанның біздер баласы
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар енді елімізбен өткеніне, бүгініне саяхат жасасақ қайтеді? Еліміздің өткеніне саяхатқа шығу үшін армандайық, көзімізді жұмайық. Қане, балалар қалымыздан ұстап, көзімізді жұмып, еліміздің өткенін есімізге түсірейік. Өткен заманда ата – бабаларымыз жайлауда, ауылдарда тұрған. Қане жайдауды көз алдымызға елестетейік. Дала жайлау. Биік – биік таулар. Тау етегінде тігілген киіз үйлер. Киіз үй жанында. Ошақтағы қазанды сапырған әже. Есік алдында байлаулы тұрған ақ боз ат. Тау етегінде жайылған 4 түлік мал. Ұшып жүрген құстар, жайқала өскен гүлдер. Таза ауа, қандай керемет. Қане көзімізді ашайық. Ой балалар армандап отырғанда жайлауғада келіп қалыппыз.Қане балалар айтыңдаршы не көріп тұрмыз?
1 бала: Биік – биік тауларды 
2 бала: Тау етегінде тігілген киіз үйлерді
3 бала: Жайылып жүрген 4 түлік малды
4 бала: Ұшып жүрген құстарды жайқала өскен гүлдерді
(Осы кезде әже келеді)
Әже: Амансыңдар ма, балалар! Қайдан жүрген балаларсыңдар? Ақ жол болсын. Мен мына сырмағымды оюлап отыр едім.
Тәрбиеші: Әлей, болсын әже. Біз еліміздің өткеніне, бүгініне саяхат жасап шыққан еді, ауылға, ата – бабамыз мекендеген жайлауға келіп қалыппыз. Ауыл жағдайы қалай? Еліміздің ел екендігін, қазақтың қазақ екендігі оның түп – тамыры ауылдан іздеп табамыз деп ойлаймыз.
Әже: Дұрыс болған. Ата – бабаларың ерте заманда жайлаудан жайлауға көшіп ауылдарда тұрған. Ауылдың қазіргі жағдайы жақсарды ғой. Еліміз тыныш, еңбегінің жемісін көріп жатыр. Салт – дәстүр қаймағы бұзылмай ауылда әлде сақталып келеді. Қаланың балалары екенсіңдер салт – дәстүрді білесіңдер ме?
Тәрбиеші: Қане, балалар әжеге салт – дәстүрді қаншалықты жақсы білетінімізді көрсетейік
1 бала: Салт – дәстүрге айтыс, тұсау кесер
2 бала: Беташар, сүндет той
3 бала: Қыз ұзату, жар – жар
Әже: Е, бәрекелді ал салт – дәстүр ел отан туралы, ұлттық бұйым туралы мақал – мәтел, тиым сөздер білесіңдер ме?
Тәрбиеші: Ой әже, балалар салт – дәстүр Отан туралы әрқашан аузынан тастамаған. Оның дәлелі ретінде балалар мақал – мәтел, тиып сөздер айтып берсін.
1 бала: «Отан оттанда ыстық»
2 бала: «Туған жер алтын бесік»
3 бала: «Ошақтан секірме»
4 бала: «Құр ерге мінбе»
Әже: Әп бәрекелді білгіш, тілге жүйрік екенсіңдер. Ал енді ұлттық қолөнерге қалайсыңдар. Мен мына сырмақтан оюлап отырған едім, үлкенге көмек дегенді білесіңдерме? Олай болса ұлттық қолөнерді жақсы меңгергендерің көрсетіңдер. Ұжымдық жұмыс. «Оюлы сырмақ» (Әже жұмыс барысында сырмақтың ұлттық тұтынатын бұйым екенін ою – өрнекті түсіне қарай әдемі орналастыру керектігін. Бұл оюды қошқар мүйіз деп атайды. Балаларға көмек беру).
Әже: Бітер істің басына, жақсы келер қасына демекше бұл істе бітіп қалды. Менің оюлы сырмағымда дайын болған. Жарайсыңдар балалар мен сендерге рыза болдым. Рыза болғаным соншалық мына сырмағымды сыйлағым келіп отыр. Бұл жай сырмақ емес сиқырлы ұшқыр сырмақ.
Тәрбиеші: Рахмет әже. Ал енді. Біздің кететін уақытымыз болды. Қане балалар әжемен қоштасайық.
Балалар: Сау болыңыздар.
Тәрбиеші: Балалар маған бір ой келіп тұр. Еліміздің қазіргі заманына саяхатымызды мына әже берген сиқырлы сырмақпен барайық. Қане сырмаққа жиналып мініп, көзімізді жұмып армандайық, көзімізге елестетейік. Ұлан – байтақ кең жері, өндіріс, қазба – байлығы мол, қалалар, биік – биік тұрғызылған ғимараттар, заманаул дамыған технология, көк туы желбіреген тәуелсіз ел.
Тәрбиеші: Қане, балалар көзімізді алайық. Балалар мына әженің сиқырлы сырмағының кереметін – ай, көзді ашып жұмғанша өз заманымызға да келдік. Өз заманымызбен жақын танысу үшін мына картаға назар аударайық. Балалар біздің Отанымыз Қазақстан Республикасы. Ол тәуелсіз, дербес, егемен мемелекет. Қазақтың әрбір азаматы өз елінің мемлекеттік нышандарын білуі керек, қастерлеуі керек. Мемлекеттік нышандарға нелер жатады.
1 бала: Мемлекеттік нышандарға елтаңба, ту, әнұран жатады.
Тәрбиеші: Балалар біздің еліміздің жере бай көлемі жағынан дүние жүзінде 9 орын алады. Пайдалы қазбаларға да мейлінше бай. Қазақстан Республикасының қандай қалаларын білесіңдер. Қандай пайдалы қазбалар өндіріледі.
1 бала: Мынау Алматы әсем қала, мәдени орталық сонымен бірге Алматы қаласы апорт алмасына бай.
2 бала: Ал мынау Өскемен қаласы, ал Шыңғыс Қазақстан облысына жатады. Онда мал шаруашылығы кеңінен тараған.
3 бала: Ал Жамбыл, Шымкент қалалары мақтаға бай, Қызылорда қаласында Байқоңыр бар. Алғаш Байқоңырдан ғарышқа Тоқтар, Тамат ағаларымыз ұшты.
Атырау, Ақтөбе, Орал қалалары картадан көрсетіледі.
4 бала: Павлодар, Қостанай қалалары темір, алтын, аллюминий өндіреді. Қарағанды қаласы көмірмен бай. Алтын Жамбыл.
5 бала: Ал мынау біздің бас қаламыз Астана қаласы. Мынау тәуелсіздігіміздің еркіндігімізді бейнелейтін бәйтерек.
Тәрбиеші: Балалар биыл Астана қаласында қандай ерекше оқиғалар болды.
1 бала: 7 ші қысқы Азиада ойыны өтті.
2 бал: Президент сайлауды өтіп, президент болып Н.Ә.Н. сайланды.
3 бала: Желтоқсан айында тәуелсіздігімізге 20 жыл болды.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар ал біз қай өркеде тұрамыз.
1 бала: Біздің туған өлкеміз Маңғыстау өлкесі. Маңғыстау орталығы Ақтау қаласы. Онда Каспий теңізі бар. Маңғыстау мұнайға бай, Каспий теңізінен балық түрлері алынады. Мал шаруашылығы жақсы дамыған.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасың биыл Маңғыстау өлкесінде қандай айтулы оқиғалар болды.
1 бала: Маңғыстау мұнайына 50 жыл толды. Маңғыстау өсімдікті ата. Маңғыстау қандай киелі жерлер бар? Маңғыстау жабайы жануарлар білесіңдер ме? «Балалары жауабы»
Тәрбиеші: Балалар міне еліміздің бугініне, өткеніне саяхат жасадық. Мен сендермен бірге елімізді аралап жүргенде мақтаныш сезімде болдым. Біздің еліміз жерімен пайдалы қазбаларымен, адамдарымен бай. Өйткені біздің елімізде көптеген ұлт – өкілдері, тұрады. Олар бір – бірімен тату, бейбіт, құрметпен өмір сүруде. Қазақстан әрбір азаматы еңбек енуге, білім алуға, демалуға құқылы.
Тәрбиеші: Балалар бүгін біздің саяхат сабағымыз сендерге ұнады ма? Мағанда себебі саяхат жасап жүрік еліміздің ұлан – байтақ, тарихы кең, салт – дәстүрге бай, ғажап бүгінімен өткенге бар, болашағы бар ел екеніне көзіміз жетті.Олай болса балалар біз бүгінгі сабағымызды “Менің елім қандай!?” деген дидактикалық арқылы қорытындылайық.
1 бала: Менің елім тәуелсіз
2 бала: Менің елім кең байтақ
3 бала: Менің елім қазба – байлығы мол, ел
4 бала: Менің елім бейбіт ел
5 бала: Менің елім көп ұлтты ел
6 бала: Менің елім қонақжай ел
7 бала: Менің елім кеңпейіл ел
8 бала: Менің елім дархан ел
Тәрбиеші: Балалар қазақта сарқыт беру дәстүрі бар. Олай болса әженің берген сыбағасынан келген қонақтарға сарқыт берейік. Қане балалар олай болса келген қонақтармен қоштасайық.
Ризамыз, ризамыз!Бізді тыңдаған қонақтарға. 
Тілегіміз : аспанымыз ашық болсын !Жарқын болсын!
Деніміз сау болсын! Еліміз көркейіп.
Көк туымыз желбірей берсін!
Сау болыңыздар ! ! 

Жарияланған күні: 14-02-2014  



«Елі сүйген, елін сүйген – Елбасы!»


Жарияланған күні: 24-05-2017  

Туған күнге арналған тәтті тоқаштар

icon

Білімділік: Нанның қандай еңбекпен дастырханға келетінін , балалармен бірге қайталай отырып , нанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Балаларды аспазшы кипіне еніп, ұннан жасалған өніммнен әр түрлі тәттілерді, орау , бүктеу, бастыру әдісін пайдалана отырып тоқаштар жасауға үйрету. Балаларға мерекені естеріне түсіре отырып, топ ішіндегі балалардың туған күндерінде бір-біріне жылы сөздер және мерекелік көңіл күй сыйлауға талпындыру. 
Тәрбелік: Балалардың бойында достық сезімін құрметтеуге тәрбиелеу. 
Дамытушылық: Балалардың ақыл-ойын, тілдік қорын, нанға деген сүйіспеншілігін дамыту.  


Жарияланған күні: 16-02-2016  

Қош бол балабақша!

Өтті қызық көп күндер,
Жеті жасқа жеттіңдер.
Барады олар мектепке,
Бір белестен өткендер  


Жарияланған күні: 25-05-2015  

Достық, Ынтымақ, Жеңіс күні

Балаларға Қазақстан Республикасының әлемде ең алғашқы мемлекеттің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру. Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлауға үйрету. Балаларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық тәрбие беру. 


Жарияланған күні: 12-05-2015  

Наурыз-жыл басы

Мақсаты: Балаларға наурыз мерекесі туралы мәлімет беру, салт – дәстүрмен таныстыру. Сыйластыққа , мәдениеттілікке тәрбиелеу. Қуанышты көңіл –күй сыйлау. 


Жарияланған күні: 06-04-2015  

"Мерекеңмен анашым"-ересектер тобы

8-наурыз мейрамы туралы түсінік беру, анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, аналар туралы өлең шумақтарын оқуда мәнерлі, сауатты, анық оқи алуға машықтандыру; 
оқушыны ізгілік, инабаттылық, сыйластық, адамгершілік сияқты қасиеттерге тәрбиелеу.
Залға әуенмен ұлдар кіреді. Екі жаққа тұрып қыздарды шапалақпен күтіп алып, орындарына отырғызады. 


Жарияланған күні: 13-03-2015  

Қыс қызығы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Көркем әдебиет,қоршаған ортамен таныстыру.
Мақсаты: Балалардың табиғат құбылысы жайлы ұғымдарын кеңейту, туған өлкеге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, тілдерін дамыту,балаларға қыс туралы түсінік беру,қыс мезгілінің ерекшелігін түсіндіру.Ормандағы аңдарға, құстарға қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.
Алдын-ала жұмыс: дамыту, сұрақтарға жауап беруге үйрету.Қыс мезгілінің сұлулығын тамашалай білуге тәрбиелеу және ойын арқылы шапшаң қимылдар жасау икемділігін арттыру.
Көрнекілігі: Қар жамылған ағаштар, қарлар, қыс суреттері, аю кейіпкері, аққала кейіпкері, құстардың, аңдардың кеспе суреттері.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ- жауап, әңгімелеу, ойын ойнау, саяхат, мадақтау.
Сөздік жұмыс: қарлы, ызғарлы, аққала
Алдын-ала жұмыс: Қыс туралы өлеңдер жаттау, суреттермен жұмыс жасау. 


Жарияланған күні: 12-02-2015  

Қош келдің, Жаңа жыл!

Балалар әуенмен залға кіреді. Шыршаны айналып, дөңгелене тұрады. 


Жарияланған күні: 19-12-2014  

Желтоқсан жаңғырығы

Еліміздің тәуелсіз ел болу тарихына тоқталу, балалардың Отанын, жерін, елін сүюге, құрметтеуге баулу. Ел теңсіздігі, желтоқсан оқиғасы туралы түсінік беру. Тәуелсіз елге білімді ұрпақ тәрбиелеу. 


Жарияланған күні: 11-12-2014  

Армысың, Алтын күз

Мақсаты:Күз мезгілінің қыр-сырын жете меңгере білу.Оның өзгерістерімен таныстыру,әсемдікке баулу. Күзгі еңбек және табиғатты сүю, қорғау. Күз туралы балалардың дүниетанымдарын арттыру. Ата-ана, бала мен балабақша арасында қатынас орнату. 


Жарияланған күні: 29-11-2014  

Ғажайыптар әлемі

Білімділік: Балалардың бұрыннан таныс ертегілерін естеріне түсіріп, көркем шығармаға деген қызығушылығын арттыру. Сол арқылы ой өрісін, дүниетанымын кеңейту.
Дамытушылық: Ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту. Жарысқа, жылдамдыққа, ортақ мақсатқа, қызығушылыққа, ойын кезінде алған білімдерін көрсете білуге үйрету. 


Жарияланған күні: 19-11-2014  

Халықтар достастығы

-Ынтымақ, бірлік ұғымдарын түсіндіру
-Достық қарым-қатынасты нығайту
-Татулықта, бірлікте өмір сүруге тәрбиелеу.  


Жарияланған күні: 12-10-2014  

Табиғатты аялайық

Мақсаты:Ертегіні ағылшын тілінде сахналау арқылы, бір-бірімен диалог арқылы, еркін сөйлеуге дағдыландыру.Тақпақ, ойын, ән айту арқылы ағылшын тіліне қызығушылығын арттыру. Балаларға экологиялық, танымдық ұғым беру.Өз ойларын еркін жеткізе білуге үйрету. Табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыруға, әсемдікті, әдемілікті көре білуге,табиғатты қорғап аялауға үйрету.  


Жарияланған күні: 23-05-2014  

Көрікті көктем

Табиғат құбылысындағы мезгілдік өзгерістер туралы білімдерін бетіту. Бөлме гулдерін танып, олардың атауын дұрыс атау. Бөлме гулдерін отырғызу және көбейту тәсілдері туралы білімдерін бекіту. Граматикалық формада дұрыс сөйлеуге уйрету. Сөздік қорын молайту.Қоршаған ортаны,табиғатты аялай білуге уйрету. Табиғатқа деген суйіспеншілігін арттыру. Гүлдерге қамқорлық жасай білуге,ұқыптылыққа тәрбиелеу. 


Жарияланған күні: 30-04-2014  

Ғарышқа математикамен бірге

Білімділігі:Ғарышқа саяхат жасай отырып,балалардың математикаға деген қызығушылығын арттыру.Балалардың апта күндерін ретімен жаңылмай айтуға, санды санау,тура және кері санау,геометриялық пішіндерді ажыратып айтып білуін бекіту. 


Жарияланған күні: 14-03-2014  

Туған өлкеге саяхат

Туған ел. Отан жайында түсініктерін қалыптастыру. «Туған жер, ел, Отан» сөздерінің мәнін ашып, ойларын кеңейту; өз елі үшін мақтаныш сезімін қалыптастыру; туған елге деген құрмет; махаббат сезімдеріне тәрбиелеу; ұлттық қолөнеріне, өнерге, ойынға қызығушылығын арттырып, еңбекке баулу.  


Жарияланған күні: 14-02-2014  

Туған жер – алтын бесігім

Балаларға «Отан», «туған жер», «менің қалам» сөздерінің құндылықтарын түсіндіру.Туған жерін, елін сүюге, қадірлей білуге тәрбиелеу.Балалардың бойында патриоттық сезімдерді арттыру. 


Жарияланған күні: 10-01-2014  

Үй жануарлары

Үй жануарлары, төлдері туралы білімдерін кеңейту. Үй 
жануарларының, төлдерінің атын дұрыс айта білуге үйрету; Неліктен үй жануарлары деп аталатыны жөнінде түсінік беру. 
Сурет бойынша әңгіме құрастыруға үйрету. Олардың пайдасын 
айту. Күтіп баптауға, қорғап, қамқорлық жасауға төлдерге деген 
сүйіспеншілік сезімдерін ояту арқылы тәрбиелеу. 


Жарияланған күні: 25-12-2013  

Күз көрінісі (Ашық серуен жоспары)

Сабақ мақсаты: Балалардың күз мезгілі туралы түсінігін одан әрі кеңейту.
Баланың табиғатқа деген қызығушылығын арттыра отырып табиғаттағы мерзімдік құбылыстар жайлы, өсімдіктер әлемі мен құстар туралы түсінігін қалыптастыру ісін одан әрі жалғастыру. Сондай ақ табиғат құбылыстарын мұқият бақылауға және олардың арасындағы қарапайым байланысты анықтауға табиғаттың әсемдігін сезініп сүйе білуге, өсімдіктермен, жануарларға, құстарға қамқорлық пен қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу.  


Жарияланған күні: 01-11-2013  

“Fantasy Story World” "Ғажайып ертегілер әлемі"

Балалардың ертегідегі кейіпкерлердің рөлін ойнау арқылы әртістік қабілетін дамыту, ағылшын тілінде мәнерлеп сөйлеуге үйрету. Олардың дауысын салып, қызыға ойнау дағдыларын қалыптастастыру. Балалардың ертегіге, ағылшын тіліне деген қызығушылықтарын арттырып, сезімін, қиялын ояту.  


Жарияланған күні: 05-10-2013  

A trip to London

Мақсаты: балалардың сөйлеу дағдысын қалыптастыру, олардың Лондон туралы ой-өрісін дамыту, сөздік қорын молайту, адамгершілікке және өзге мемлекеттің тілін, салт-дәстүрін құрметтей білуге тәрбиелеу. 


Жарияланған күні: 27-03-2013