Туған жер – алтын бесігім

Избасарова Райхан Аманқосқызы
№57 «Ақбота» балабақшасының аға тәрбиешісі

Туған жер – алтын бесігім.
Сабақтың мақсаты: 
Балаларға «Отан», «туған жер», «менің қалам» сөздерінің құндылықтарын түсіндіру.Туған жерін, елін сүюге, қадірлей білуге тәрбиелеу.Балалардың бойында патриоттық сезімдерді арттыру.
Сабақтың міндеттері:
-Отан, сүйіспеншілік, туған қала туралы түсініктерін кеңейту;
- туған жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін дамыту.
Әдіс-тәсілдері: 
Түсіндіру,әңгімелесу,сұрақ – жауап, Ақтау қаласы туралы тақпақтар, Ән: «Туған өлкем»;
Көрнекі құралдар: 
Дәптер, түрлі-түсті қарындаштар, Ақтау қаласының суреттері.

Тәрбиеші: 
-Сәламатсыңдар ма, балалар!
Балалар:
- Сәламатсыз ба!
Тәрбиеші: 
-Балалар, мен сендерді көргеніме қуаныштымын.Келіңдер мен сендерді шаттық шеңберіне шақырамын.
Шаттық шеңбері.
Қуан, шаттан, алақай!
Қуанатын күн келді.
Күліп шықты күн бүгін,
Қайырлы таң!
Қайырлы күн!
Армысыңдар, достарым!
Тәрбиеші: 
-Жарайсыңдар, балалар.Енді орнымызға жайғасамыз.(балалар көрпешелеріне жайғасып отырады).
-Балалар, бүгін біз туған еліміз, қаламыз туралы әңгімелесетін боламыз.
Біз қай мемлекетте тұрамыз?
Балалар:
-Қазақстан Республикасы.
Тәрбиеші:
-Біздің Астанамыз қай қала?
Балалар:
-Астана.
-Біздің қаламыз қалай аталады балалар?
Балалар: 
-Ақтау қаласы.
Тәрбиеші:
-Иә, дұрыс айтасыңдар.Біздің қаламыз Ақтау қаласы.Ақтау қаласы жас, байлығы мол, әсем қала.Біздің қаламызда көптеген демалыс орындары мен ойын-сауық алаңдары бар.Біз демалыс күндері ата-аналарымыз бен сол жерлерде демаламыз.Ал, балалар сендер біздің қаламыз туралы тақпақтар білесіңдер ме?
1-бала:
Ақтауым Маңғыстаудың астанасы
Құлпырасың көңілімді тербейсің.
Түбегімнің жайнаған мәңгі жасыл
Арманымның биігінде өрлейсің.
2-бала:
Күн нұры арайлы
Шуақ боп шашылған.
Маңғыстау қарайды 
Келешек ғасырдан.
Қойнауы бақыттың
Мерейі шыңға асқан
Мекені шаттықтың
Өмірі жыр – дастан
3-бала:
Гүлденген жас қалам
Ақтауым ақ қалам
Мерейің өседі.
Өзіңмен мақтанам.
4-бала:
Ақтауым ару әр мекен
Тоғысқан сенде сан арман.
Өзіңдей қала бар ма екен.
Бірлік пен бақтан жаралған.
Тәрбиеші:
-Жарайсыңдар, балалар.Енді ыңғайланып отырып, көздерімізді жұмайық.Туған жеріміздің табиғатын көз алдымызға елестетейікші.
Өзіммен-өзім.
(Үнтаспадан табиғат құбылыстарының дыбыстары бар әуен жай ойналады).
Тәрбиеші: 
-Қаламыздың табиғаты қандай тамаша!Айналамыз жап-жасыл, тамаша гүлдердің хош иісі аңқиды.Туған жердің әрбір гүлі, әр ағашы, қасиетті топырағы көзіңе оттай ыстық.Қаламыздың таза ауасымен дем алып, көңіліміз көтеріліп,жайланып қалды.Енді, туған жерімізге қандай жақсылық жасай алатынымызды ойлап, көз алдымызға елестетіп көрейік.Ал,енді көзімізді ашып, өз ойларымызбен бөлісейік.
(Балалар алған әсерлерін, ойлаған ойларын ортаға салады.)
Әңгімелесу.
Тәрбиеші:
-Балалар сендер туған жер деген сөзді қалай түсінесіңдер?
Балалар:
-Біздің тұратын жеріміз.
Тәрбиеші:
-Неге туған жер деп айтамыз?
Балалар:
-Өйткені біз сол жерде туып өстік.
Интерактивті тақтамен жұмыс.
Қаланың көрікті жерлерінің суреттерімен балаларды таныстыру
(Балалардың жауаптары тыңдалып қорытындыланады)
Тәрбиеші:
-Дұрыс айтасыңдар, балалар туған жерді, қаламызды көркейтуіміз, оған қамқорлық жасауға өз үлесімізді қосуымыз туған жерге деген сүйіспеншілігімізді білдіреді.Әр адамға өзінің туып өскен жері ыстық болады.Сондықтан әркім өзінің туған жеріне деген махабатын,сүйіспеншілігін, мақтанышын түрлі жолдармен білдіреді.Мысалы: Ақын-жазушылар туған жердің сұлу табиғатын,байлығын өлеңімен жырласа, суретшілер суретін салады.Бізде дәптерлерімізге қаламыздың көрікті жерлерінің суреттерін салып , өзіміздің ықыластарымызды білдірейік.
Дәптермен жұмыс.
(Балалар қаланың көрікті жерлерінің суреттерін салып, бояйды)
Қорытындылау.
Тәрбиеші:
-Балалар, біз бүгін туған жеріміз, қаламыз жайында әңгімелестік.Біз бүгін туған жерімізді, қаламызды қадірлеу керектігін түсіндік.Енді балалар орнымыздан тұрып, жүректен-жүрекке шеңберіне жиналып, К.Ыбыраев ағамыздың «Туған өлкем» әнін жүректен-жүрекке жеткізейік.
Жүректен-жүрекке.

Туған өлкем К.Ыбыраев

Көгінде күн нұрын төккен
Жерінде гүл жұпар сепкен.
Неткен сұлу, неткен көркем,
Осы менің туған өлкем.
А-а-а-а , туған өлкем!

Алтын дәнді даласы бар.
Ақ күмістей қаласы бар.
Неткен сұлу, неткен көркем.
Осы менің туған өлкем.
А-а-а-а , туған өлкем!

 

Жарияланған күні: 10-01-2014  



«Елі сүйген, елін сүйген – Елбасы!»


Жарияланған күні: 24-05-2017  

Туған күнге арналған тәтті тоқаштар

icon

Білімділік: Нанның қандай еңбекпен дастырханға келетінін , балалармен бірге қайталай отырып , нанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Балаларды аспазшы кипіне еніп, ұннан жасалған өніммнен әр түрлі тәттілерді, орау , бүктеу, бастыру әдісін пайдалана отырып тоқаштар жасауға үйрету. Балаларға мерекені естеріне түсіре отырып, топ ішіндегі балалардың туған күндерінде бір-біріне жылы сөздер және мерекелік көңіл күй сыйлауға талпындыру. 
Тәрбелік: Балалардың бойында достық сезімін құрметтеуге тәрбиелеу. 
Дамытушылық: Балалардың ақыл-ойын, тілдік қорын, нанға деген сүйіспеншілігін дамыту.  


Жарияланған күні: 16-02-2016  

Қош бол балабақша!

Өтті қызық көп күндер,
Жеті жасқа жеттіңдер.
Барады олар мектепке,
Бір белестен өткендер  


Жарияланған күні: 25-05-2015  

Достық, Ынтымақ, Жеңіс күні

Балаларға Қазақстан Республикасының әлемде ең алғашқы мемлекеттің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру. Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлауға үйрету. Балаларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық тәрбие беру. 


Жарияланған күні: 12-05-2015  

Наурыз-жыл басы

Мақсаты: Балаларға наурыз мерекесі туралы мәлімет беру, салт – дәстүрмен таныстыру. Сыйластыққа , мәдениеттілікке тәрбиелеу. Қуанышты көңіл –күй сыйлау. 


Жарияланған күні: 06-04-2015  

"Мерекеңмен анашым"-ересектер тобы

8-наурыз мейрамы туралы түсінік беру, анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, аналар туралы өлең шумақтарын оқуда мәнерлі, сауатты, анық оқи алуға машықтандыру; 
оқушыны ізгілік, инабаттылық, сыйластық, адамгершілік сияқты қасиеттерге тәрбиелеу.
Залға әуенмен ұлдар кіреді. Екі жаққа тұрып қыздарды шапалақпен күтіп алып, орындарына отырғызады. 


Жарияланған күні: 13-03-2015  

Қыс қызығы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Көркем әдебиет,қоршаған ортамен таныстыру.
Мақсаты: Балалардың табиғат құбылысы жайлы ұғымдарын кеңейту, туған өлкеге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, тілдерін дамыту,балаларға қыс туралы түсінік беру,қыс мезгілінің ерекшелігін түсіндіру.Ормандағы аңдарға, құстарға қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.
Алдын-ала жұмыс: дамыту, сұрақтарға жауап беруге үйрету.Қыс мезгілінің сұлулығын тамашалай білуге тәрбиелеу және ойын арқылы шапшаң қимылдар жасау икемділігін арттыру.
Көрнекілігі: Қар жамылған ағаштар, қарлар, қыс суреттері, аю кейіпкері, аққала кейіпкері, құстардың, аңдардың кеспе суреттері.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ- жауап, әңгімелеу, ойын ойнау, саяхат, мадақтау.
Сөздік жұмыс: қарлы, ызғарлы, аққала
Алдын-ала жұмыс: Қыс туралы өлеңдер жаттау, суреттермен жұмыс жасау. 


Жарияланған күні: 12-02-2015  

Қош келдің, Жаңа жыл!

Балалар әуенмен залға кіреді. Шыршаны айналып, дөңгелене тұрады. 


Жарияланған күні: 19-12-2014  

Желтоқсан жаңғырығы

Еліміздің тәуелсіз ел болу тарихына тоқталу, балалардың Отанын, жерін, елін сүюге, құрметтеуге баулу. Ел теңсіздігі, желтоқсан оқиғасы туралы түсінік беру. Тәуелсіз елге білімді ұрпақ тәрбиелеу. 


Жарияланған күні: 11-12-2014  

Армысың, Алтын күз

Мақсаты:Күз мезгілінің қыр-сырын жете меңгере білу.Оның өзгерістерімен таныстыру,әсемдікке баулу. Күзгі еңбек және табиғатты сүю, қорғау. Күз туралы балалардың дүниетанымдарын арттыру. Ата-ана, бала мен балабақша арасында қатынас орнату. 


Жарияланған күні: 29-11-2014  

Ғажайыптар әлемі

Білімділік: Балалардың бұрыннан таныс ертегілерін естеріне түсіріп, көркем шығармаға деген қызығушылығын арттыру. Сол арқылы ой өрісін, дүниетанымын кеңейту.
Дамытушылық: Ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту. Жарысқа, жылдамдыққа, ортақ мақсатқа, қызығушылыққа, ойын кезінде алған білімдерін көрсете білуге үйрету. 


Жарияланған күні: 19-11-2014  

Халықтар достастығы

-Ынтымақ, бірлік ұғымдарын түсіндіру
-Достық қарым-қатынасты нығайту
-Татулықта, бірлікте өмір сүруге тәрбиелеу.  


Жарияланған күні: 12-10-2014  

Табиғатты аялайық

Мақсаты:Ертегіні ағылшын тілінде сахналау арқылы, бір-бірімен диалог арқылы, еркін сөйлеуге дағдыландыру.Тақпақ, ойын, ән айту арқылы ағылшын тіліне қызығушылығын арттыру. Балаларға экологиялық, танымдық ұғым беру.Өз ойларын еркін жеткізе білуге үйрету. Табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыруға, әсемдікті, әдемілікті көре білуге,табиғатты қорғап аялауға үйрету.  


Жарияланған күні: 23-05-2014  

Көрікті көктем

Табиғат құбылысындағы мезгілдік өзгерістер туралы білімдерін бетіту. Бөлме гулдерін танып, олардың атауын дұрыс атау. Бөлме гулдерін отырғызу және көбейту тәсілдері туралы білімдерін бекіту. Граматикалық формада дұрыс сөйлеуге уйрету. Сөздік қорын молайту.Қоршаған ортаны,табиғатты аялай білуге уйрету. Табиғатқа деген суйіспеншілігін арттыру. Гүлдерге қамқорлық жасай білуге,ұқыптылыққа тәрбиелеу. 


Жарияланған күні: 30-04-2014  

Ғарышқа математикамен бірге

Білімділігі:Ғарышқа саяхат жасай отырып,балалардың математикаға деген қызығушылығын арттыру.Балалардың апта күндерін ретімен жаңылмай айтуға, санды санау,тура және кері санау,геометриялық пішіндерді ажыратып айтып білуін бекіту. 


Жарияланған күні: 14-03-2014  

Туған өлкеге саяхат

Туған ел. Отан жайында түсініктерін қалыптастыру. «Туған жер, ел, Отан» сөздерінің мәнін ашып, ойларын кеңейту; өз елі үшін мақтаныш сезімін қалыптастыру; туған елге деген құрмет; махаббат сезімдеріне тәрбиелеу; ұлттық қолөнеріне, өнерге, ойынға қызығушылығын арттырып, еңбекке баулу.  


Жарияланған күні: 14-02-2014  

Туған жер – алтын бесігім

Балаларға «Отан», «туған жер», «менің қалам» сөздерінің құндылықтарын түсіндіру.Туған жерін, елін сүюге, қадірлей білуге тәрбиелеу.Балалардың бойында патриоттық сезімдерді арттыру. 


Жарияланған күні: 10-01-2014  

Үй жануарлары

Үй жануарлары, төлдері туралы білімдерін кеңейту. Үй 
жануарларының, төлдерінің атын дұрыс айта білуге үйрету; Неліктен үй жануарлары деп аталатыны жөнінде түсінік беру. 
Сурет бойынша әңгіме құрастыруға үйрету. Олардың пайдасын 
айту. Күтіп баптауға, қорғап, қамқорлық жасауға төлдерге деген 
сүйіспеншілік сезімдерін ояту арқылы тәрбиелеу. 


Жарияланған күні: 25-12-2013  

Күз көрінісі (Ашық серуен жоспары)

Сабақ мақсаты: Балалардың күз мезгілі туралы түсінігін одан әрі кеңейту.
Баланың табиғатқа деген қызығушылығын арттыра отырып табиғаттағы мерзімдік құбылыстар жайлы, өсімдіктер әлемі мен құстар туралы түсінігін қалыптастыру ісін одан әрі жалғастыру. Сондай ақ табиғат құбылыстарын мұқият бақылауға және олардың арасындағы қарапайым байланысты анықтауға табиғаттың әсемдігін сезініп сүйе білуге, өсімдіктермен, жануарларға, құстарға қамқорлық пен қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу.  


Жарияланған күні: 01-11-2013  

“Fantasy Story World” "Ғажайып ертегілер әлемі"

Балалардың ертегідегі кейіпкерлердің рөлін ойнау арқылы әртістік қабілетін дамыту, ағылшын тілінде мәнерлеп сөйлеуге үйрету. Олардың дауысын салып, қызыға ойнау дағдыларын қалыптастастыру. Балалардың ертегіге, ағылшын тіліне деген қызығушылықтарын арттырып, сезімін, қиялын ояту.  


Жарияланған күні: 05-10-2013  

A trip to London

Мақсаты: балалардың сөйлеу дағдысын қалыптастыру, олардың Лондон туралы ой-өрісін дамыту, сөздік қорын молайту, адамгершілікке және өзге мемлекеттің тілін, салт-дәстүрін құрметтей білуге тәрбиелеу. 


Жарияланған күні: 27-03-2013