Табиғатты аялайық

(Ағылшын тілі оқу іс-әрекеті)
Мақсаты:Ертегіні ағылшын тілінде сахналау арқылы, бір-бірімен диалог арқылы, еркін сөйлеуге дағдыландыру.Тақпақ, ойын, ән айту арқылы ағылшын тіліне қызығушылығын арттыру. Балаларға экологиялық, танымдық ұғым беру.Өз ойларын еркін жеткізе білуге үйрету. Табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыруға, әсемдікті, әдемілікті көре білуге,табиғатты қорғап аялауға үйрету. 
Мұғалім:Сәлеметсіздерме, қонақтар!Бүгінгі біздің ашық сабағымызға қош келдіңіздер!
Good morning,my dear guest.
Welcome to our lesson!
I am glad to see you!
Балалар,бізге бүгін көп қонақтар келіп отыр,олай болса қонақтарымызбен амандасайықшы.
Балалар: Табиғат біздің анамыз.
Табиғатқа баламыз.
Иіліп сәлем береміз.
Біз әдепті баламыз.
Good morning 2
Good morning to you
Good morning,good morning
We are glad to see you!
Children let’s do circle line!(Балалар шеңберге тұрады).
-Жарайсыңдар,балалар.
Кәнекей бәріміз бірге бүгінгі күнге тілектерімізді білдіріп,амандасайық,кәне жылы сөздер айтайық. 
Балалар бірігіп жылы сөздер айтып шығады.
Б1- Бүгінгі күн жақсы болсын!
Б2- Бүгінгі күн сәтті болсын!
Б3- Денсаулығымыз мықты болсын!
Кәне,балалар енді ағылшынша жақсы тілектерімізді білдірейік. 
Б4- I wish you love!
Б5- I wish you success!
Б6- I wish you good luck!
Б7- I wish you happiness!
Б8- I wish you all the best!
Мұғалім: Балалар бүгін біздің сабағымыз ерекше өтеді.Мен сіздерді бүгін орманға саяхатқа апарамын.Табиғаттың әдемілігін,таза ауасын барып тамашалап келейік.Ал сіздер орманға барғыларың келеді ме?
Балалар:Ия
Мұғалім:Орманға бару үшін,біздер өзеннен,судан өтуіміз керекпіз.
Өзеннен немен өтуге болады. 
Балалар:Қайықпен.
Мұғалім:Ия,әрине қайықпен өтуіміз керекпіз.Олай болса көзімізді жұмып,қайықты
елестетіп көрейікші. 
Балалар:Көздерін жұмады.
Мұғалім:Көзімізді ашамыз.Ой,балалар қараңдаршы мынау не?
Біз не көріп тұрмыз?
Балалар: Қайықты көріп тұрмыз.
Мұғалім: Олай болса,осы қайыққа отырып,өзеннен өтіп орманға барайық.
Ал қайыққа отырмастан бұрын,менің сіздерге сұрағым бар.
Өзен дегеніміз су,солайма балалар? – (ия) Тіршілікті сусыз елестету мүмкінбе? -(жоқ)
Су қандай болады?
Б1-Су сүйық зат,ол бұлақ,өзен,көл,теңіздерде болады.
Б2-Сусыз өмір жоқ,онсыз өсімдіктер өспейді.Адамдарда тіршілік ете алмайды.
Б3- Күн салқындаған кезде су мұзға айналады.
Мұғалім: Дұрыс айтасыңдар.Ал суды ағылшынша қалай айтамыз? (Water)
Жарайсыңдар,менің сұрақтарыма дұрыс жауап бердіңдер.Олай болса қайыққа отырып орманға барайық. 
Балалар: Балалар қайыққа отырып (Row,row,row your boat) әнін айтады.
Мұғалім: Міне,балалар біздер өзеннен өтіп орманға да жетіп қалдық.
Қараңдаршы балалар орманның ауасы біздің қаланың ауасына қарағанда әлдеқайда таза екен.Табиғаты қандай әдемі!
Тірщілік атаулының бар арманы – АУА. Ал ауа туралы не айтып бере аласыңдар? 
Балалар:Адамға тыныс алу үшін ауа қажет.Біз ауасыз тіпті бірнеше минутқа да шыдай алмаймыз,бірақ үнемі сеземіз. 
Біздің айналамызды түгел ауа қоршап тұр. Ауа мөлдір және түссіз,иісі де болмайды.
Very good! Жарайсыңдар!Дұрыс айтасыңдар! Ауаны ағылшынша қалай айтамыз?(Аir)-(тақпақ).
Ой,балалар карандаршы,орманда үйшік тұр екен.
Орманда үйшік тұратын ол қай ертегі?
Балалар: Үйшік ертегісі.
Мұғалім: Дұрыс айтасыңдар. 
Балалар ненің дауысы? Естисіңдерме?Бір дыбыс естіледі.Кәне қарайықшы кім екен жүрген?
-Ой,мынау тышқан сияқтығой.Бұл не істеп жүрген тышқан екен.Кәне көрейікші.
Тышқан: келіп үйшікті көреді.Есігін согады.
Little house! Little house!Who lives in the house?
Мұғалім:nobody answered.The mouse went into the house.And began living there.
Бақа:Little house!Little house!Who lives in the house?
Тышқан:I’m a mouse.And who are you?
Бақа:I’m a frog. Let’s live together.Open the door, please. 
Тышқан:No,I prepared some tasks,for you.Менің тапсырмам бар,егерде орындасаң кіргіземін.
Мұғалім: Балалар тышқан бақаға тапсырма беріп тұр,егерде бақа тышқанның тапсырмасын дұрыс орындаса,онда бақаға бірге тұруға рұқсатын 
береді. 
Бақа:Достар сіздер маған көмектесесіңдерме? 
Балалар:Ия,көмектесеміз.
Тышқан-қолындағы хатын береді.Ал бақа ішіндегі тапсырманы орындауы тиіс.
Тапсырма:үй жануарлары мен жабайы жануарларды ажырат және олардың ағылшынша қалай аталатынын айтып бер.(ән)
Мұғалім:Балалар сіздер жануарлардың ағылшынша қалай аталатынын білесіздерме? 
Балалар:Ия 
Ортаға екі баланы шығарып,тапсырманы ойын ретінде орындайды.
Содан соң жануарлардың әнін айтады. 
Тышқан:Бақаға кіруге рұқсат береді. come in please.Бақа кіреді.Музыкамен қоян кіреді.
Қоян:Little house!Little house!Who lives in the house?
Тышқан:I’m a mouse.
Бақа:I’m a frog. And who are you?
Қоян:I’m a rabbit. Let’s live together. Open the door, please.
Бақа:No,I prepared some tasks,for you. 
Жоқ,менің саған дайындаған тапсырмам бар егер де сен дұрыс орындасаң,мен саған бірге тұруға рұқсат беремін. 
Қоян:Hello,friends.Do you help me?
Салем достар, маған сендердің көмектерің қажет. Көмектесесіңдер ме?
Балалар:Ия,көмектесеміз.Yes,of course!
Тапсырма:Жемістер мен көкөністерді ажырат және ағылшынша атап бер.(ән)
Балалар:Ортаға екі баланы шығарып,тапсырма ойын ретінде өтеді.Мұғалім ағылшын тілінде сұрақтар қояды.Дұрыс жауап береді,сабаққа белсене араласып отырады.Тапсырманы орындайды.
Қоян:Рахметін айтып үйге кіреді.(музыкамен түлкі кіреді.)
Түлкі:Little house!Little house!Who lives in the house?
Тышқан:I’m a mouse.
Бақа:I’m a frog.
Қоян:I’m a rabbit.And who are you?
Түлкі:I’m a fox.Let’s live together.Open the door,please.
Қоян:No,I prepared some tasks,for you.Егерде сен тапсырманы орындасаң, мен саған бірге тұруға рұқсат беремін.
Тапсырма:Отбасы мүшелерін ағылшынша ата және мұғалім сурет бойынша сұрақ қояды балалар жауаптарын айтады.
Түлкі:Балалар сіздер маған көмектесесіңдерме? 
Балалар:Ия,барлығы бірігіп тапсырманы орындайды. 
Қоян:Come in, please.түлкіні кіргізеді.(музыкамен қасқыр кіреді).
Қасқыр:Little house!Little house!Who lives in the house?
Жануарлар жауап береді.Қасқырға тапсырмасын береді.
Тапсырма:Түстерді ағылшынша атап және 1-20-ға дейін санап бер.(ән)
Барлығы бірігіп тапсырманы орындайды. 
Түлкі:Come in, please.Қасқырды кіргізеді.(Музыкамен аю кіреді) 
Аю:Little house!Little house!Who lives in the house?
Жануарлар жауап береді.Аюға тапсырмасын береді.
Тапсырма:Аю туралы ән айтып бер.
Аю балалармен “Teddy bear” әнін орындайды.Аю үйшікке кіреді.
Мұғалім:Балалар,жарайсыңдар!Сіздер көптеген жануарларға көмектестіңдер.Енді олар тату-тәтті өмір сүретін болады.Персонаждар (кейіпкерлер)шығып,Балаларға рахмет айтып,гүл сыйлайды.Барлығы бірге соңында: We all like our house!–деп қонақтармен қоштасып шығып кетеді. 
Мұғалім:Балалар сендерге ормандағы саяхат ұнады ма?
Балалар:Ия. 
Мұғалім:Олай болса, біздің балабақшаға баратын уақытымыз болып қалды,қане барлығымыз қайыққа отырып әдемі әнімізді айтып, балабақшамызға оралайық. 
Барлығы қайыққа отырып.әнін айтып балабақшаға барады.
Мұғалім:Өткен сабақтағы әріптерді қайталап.Балаларға дәптерлерінен тапсырма береді.
Балалар дәптермен жұмыс жасап болған соң. 
Мұғалім сабақты қорытындылайды. 

Жарияланған күні: 23-05-2014  



«Елі сүйген, елін сүйген – Елбасы!»


Жарияланған күні: 24-05-2017  

Туған күнге арналған тәтті тоқаштар

icon

Білімділік: Нанның қандай еңбекпен дастырханға келетінін , балалармен бірге қайталай отырып , нанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Балаларды аспазшы кипіне еніп, ұннан жасалған өніммнен әр түрлі тәттілерді, орау , бүктеу, бастыру әдісін пайдалана отырып тоқаштар жасауға үйрету. Балаларға мерекені естеріне түсіре отырып, топ ішіндегі балалардың туған күндерінде бір-біріне жылы сөздер және мерекелік көңіл күй сыйлауға талпындыру. 
Тәрбелік: Балалардың бойында достық сезімін құрметтеуге тәрбиелеу. 
Дамытушылық: Балалардың ақыл-ойын, тілдік қорын, нанға деген сүйіспеншілігін дамыту.  


Жарияланған күні: 16-02-2016  

Қош бол балабақша!

Өтті қызық көп күндер,
Жеті жасқа жеттіңдер.
Барады олар мектепке,
Бір белестен өткендер  


Жарияланған күні: 25-05-2015  

Достық, Ынтымақ, Жеңіс күні

Балаларға Қазақстан Республикасының әлемде ең алғашқы мемлекеттің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру. Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлауға үйрету. Балаларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық тәрбие беру. 


Жарияланған күні: 12-05-2015  

Наурыз-жыл басы

Мақсаты: Балаларға наурыз мерекесі туралы мәлімет беру, салт – дәстүрмен таныстыру. Сыйластыққа , мәдениеттілікке тәрбиелеу. Қуанышты көңіл –күй сыйлау. 


Жарияланған күні: 06-04-2015  

"Мерекеңмен анашым"-ересектер тобы

8-наурыз мейрамы туралы түсінік беру, анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, аналар туралы өлең шумақтарын оқуда мәнерлі, сауатты, анық оқи алуға машықтандыру; 
оқушыны ізгілік, инабаттылық, сыйластық, адамгершілік сияқты қасиеттерге тәрбиелеу.
Залға әуенмен ұлдар кіреді. Екі жаққа тұрып қыздарды шапалақпен күтіп алып, орындарына отырғызады. 


Жарияланған күні: 13-03-2015  

Қыс қызығы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Көркем әдебиет,қоршаған ортамен таныстыру.
Мақсаты: Балалардың табиғат құбылысы жайлы ұғымдарын кеңейту, туған өлкеге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, тілдерін дамыту,балаларға қыс туралы түсінік беру,қыс мезгілінің ерекшелігін түсіндіру.Ормандағы аңдарға, құстарға қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.
Алдын-ала жұмыс: дамыту, сұрақтарға жауап беруге үйрету.Қыс мезгілінің сұлулығын тамашалай білуге тәрбиелеу және ойын арқылы шапшаң қимылдар жасау икемділігін арттыру.
Көрнекілігі: Қар жамылған ағаштар, қарлар, қыс суреттері, аю кейіпкері, аққала кейіпкері, құстардың, аңдардың кеспе суреттері.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ- жауап, әңгімелеу, ойын ойнау, саяхат, мадақтау.
Сөздік жұмыс: қарлы, ызғарлы, аққала
Алдын-ала жұмыс: Қыс туралы өлеңдер жаттау, суреттермен жұмыс жасау. 


Жарияланған күні: 12-02-2015  

Қош келдің, Жаңа жыл!

Балалар әуенмен залға кіреді. Шыршаны айналып, дөңгелене тұрады. 


Жарияланған күні: 19-12-2014  

Желтоқсан жаңғырығы

Еліміздің тәуелсіз ел болу тарихына тоқталу, балалардың Отанын, жерін, елін сүюге, құрметтеуге баулу. Ел теңсіздігі, желтоқсан оқиғасы туралы түсінік беру. Тәуелсіз елге білімді ұрпақ тәрбиелеу. 


Жарияланған күні: 11-12-2014  

Армысың, Алтын күз

Мақсаты:Күз мезгілінің қыр-сырын жете меңгере білу.Оның өзгерістерімен таныстыру,әсемдікке баулу. Күзгі еңбек және табиғатты сүю, қорғау. Күз туралы балалардың дүниетанымдарын арттыру. Ата-ана, бала мен балабақша арасында қатынас орнату. 


Жарияланған күні: 29-11-2014  

Ғажайыптар әлемі

Білімділік: Балалардың бұрыннан таныс ертегілерін естеріне түсіріп, көркем шығармаға деген қызығушылығын арттыру. Сол арқылы ой өрісін, дүниетанымын кеңейту.
Дамытушылық: Ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту. Жарысқа, жылдамдыққа, ортақ мақсатқа, қызығушылыққа, ойын кезінде алған білімдерін көрсете білуге үйрету. 


Жарияланған күні: 19-11-2014  

Халықтар достастығы

-Ынтымақ, бірлік ұғымдарын түсіндіру
-Достық қарым-қатынасты нығайту
-Татулықта, бірлікте өмір сүруге тәрбиелеу.  


Жарияланған күні: 12-10-2014  

Табиғатты аялайық

Мақсаты:Ертегіні ағылшын тілінде сахналау арқылы, бір-бірімен диалог арқылы, еркін сөйлеуге дағдыландыру.Тақпақ, ойын, ән айту арқылы ағылшын тіліне қызығушылығын арттыру. Балаларға экологиялық, танымдық ұғым беру.Өз ойларын еркін жеткізе білуге үйрету. Табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыруға, әсемдікті, әдемілікті көре білуге,табиғатты қорғап аялауға үйрету.  


Жарияланған күні: 23-05-2014  

Көрікті көктем

Табиғат құбылысындағы мезгілдік өзгерістер туралы білімдерін бетіту. Бөлме гулдерін танып, олардың атауын дұрыс атау. Бөлме гулдерін отырғызу және көбейту тәсілдері туралы білімдерін бекіту. Граматикалық формада дұрыс сөйлеуге уйрету. Сөздік қорын молайту.Қоршаған ортаны,табиғатты аялай білуге уйрету. Табиғатқа деген суйіспеншілігін арттыру. Гүлдерге қамқорлық жасай білуге,ұқыптылыққа тәрбиелеу. 


Жарияланған күні: 30-04-2014  

Ғарышқа математикамен бірге

Білімділігі:Ғарышқа саяхат жасай отырып,балалардың математикаға деген қызығушылығын арттыру.Балалардың апта күндерін ретімен жаңылмай айтуға, санды санау,тура және кері санау,геометриялық пішіндерді ажыратып айтып білуін бекіту. 


Жарияланған күні: 14-03-2014  

Туған өлкеге саяхат

Туған ел. Отан жайында түсініктерін қалыптастыру. «Туған жер, ел, Отан» сөздерінің мәнін ашып, ойларын кеңейту; өз елі үшін мақтаныш сезімін қалыптастыру; туған елге деген құрмет; махаббат сезімдеріне тәрбиелеу; ұлттық қолөнеріне, өнерге, ойынға қызығушылығын арттырып, еңбекке баулу.  


Жарияланған күні: 14-02-2014  

Туған жер – алтын бесігім

Балаларға «Отан», «туған жер», «менің қалам» сөздерінің құндылықтарын түсіндіру.Туған жерін, елін сүюге, қадірлей білуге тәрбиелеу.Балалардың бойында патриоттық сезімдерді арттыру. 


Жарияланған күні: 10-01-2014  

Үй жануарлары

Үй жануарлары, төлдері туралы білімдерін кеңейту. Үй 
жануарларының, төлдерінің атын дұрыс айта білуге үйрету; Неліктен үй жануарлары деп аталатыны жөнінде түсінік беру. 
Сурет бойынша әңгіме құрастыруға үйрету. Олардың пайдасын 
айту. Күтіп баптауға, қорғап, қамқорлық жасауға төлдерге деген 
сүйіспеншілік сезімдерін ояту арқылы тәрбиелеу. 


Жарияланған күні: 25-12-2013  

Күз көрінісі (Ашық серуен жоспары)

Сабақ мақсаты: Балалардың күз мезгілі туралы түсінігін одан әрі кеңейту.
Баланың табиғатқа деген қызығушылығын арттыра отырып табиғаттағы мерзімдік құбылыстар жайлы, өсімдіктер әлемі мен құстар туралы түсінігін қалыптастыру ісін одан әрі жалғастыру. Сондай ақ табиғат құбылыстарын мұқият бақылауға және олардың арасындағы қарапайым байланысты анықтауға табиғаттың әсемдігін сезініп сүйе білуге, өсімдіктермен, жануарларға, құстарға қамқорлық пен қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу.  


Жарияланған күні: 01-11-2013  

“Fantasy Story World” "Ғажайып ертегілер әлемі"

Балалардың ертегідегі кейіпкерлердің рөлін ойнау арқылы әртістік қабілетін дамыту, ағылшын тілінде мәнерлеп сөйлеуге үйрету. Олардың дауысын салып, қызыға ойнау дағдыларын қалыптастастыру. Балалардың ертегіге, ағылшын тіліне деген қызығушылықтарын арттырып, сезімін, қиялын ояту.  


Жарияланған күні: 05-10-2013  

A trip to London

Мақсаты: балалардың сөйлеу дағдысын қалыптастыру, олардың Лондон туралы ой-өрісін дамыту, сөздік қорын молайту, адамгершілікке және өзге мемлекеттің тілін, салт-дәстүрін құрметтей білуге тәрбиелеу. 


Жарияланған күні: 27-03-2013