Қыс қызығы

Білім беру саласы: Қатынас,Әлеуметтік орта.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Көркем әдебиет,қоршаған ортамен таныстыру.
Мақсаты: Балалардың табиғат құбылысы жайлы ұғымдарын кеңейту, туған өлкеге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, тілдерін дамыту,балаларға қыс туралы түсінік беру,қыс мезгілінің ерекшелігін түсіндіру.Ормандағы аңдарға, құстарға қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.
Алдын-ала жұмыс: дамыту, сұрақтарға жауап беруге үйрету.Қыс мезгілінің сұлулығын тамашалай білуге тәрбиелеу және ойын арқылы шапшаң қимылдар жасау икемділігін арттыру.
Көрнекілігі: Қар жамылған ағаштар, қарлар, қыс суреттері, аю кейіпкері, аққала кейіпкері, құстардың, аңдардың кеспе суреттері.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ- жауап, әңгімелеу, ойын ойнау, саяхат, мадақтау.
Сөздік жұмыс: қарлы, ызғарлы, аққала
Алдын-ала жұмыс: Қыс туралы өлеңдер жаттау, суреттермен жұмыс жасау.
Сабақ барысы:
Залға балалар кіріп жарты шеңберге тұрады. Тәрбиеші: Балалар бүгін бізде ерекше күн. Біздің сабағымызға көптеген қонақтар келіпті, кәне қонақтармен амандасып алайық.
Шаттық шеңбер
Армысың, мейірімді аспан ана Армысың қайырымды жер ана, Армысың шұғылалы алтын күн Армысың мөлдір таза су Армысыздар қонақтар Арайлап бүгін атты күн Шашып бізге шаттығын, Тілейміз сізге ақ таңын Қуанышын шаттығын. 
Балалар бәріміз сыртқа көз тастайықшы. Күн жарқырап тұр,бізге шуағын, жылуын төгіп тұр. Енді менің қолыма қараңдаршы. Менің қолымда не екен?
Балалар: Тостаған.
Дұрыс айтасыңдар, бұл тостаған екен.Тостағанды ағаштан ойып жасайды. Қараңдаршы, қандай әдемі! Енді осы тостағанның ішіне қарап, бәріміз мейірімді сөздерімізді, жылы тілектерімізді айтайық,сонда тостағанның іші мейірімге тола түседі.
(Тостағанға қарап) Қайырлы таң, балалар, кішкентай ғана ботақандарым, қошақандарым, аспандарың ашық болсын, ешқашан ауырмандар, бүлдіршіндердің күлкісіне толсын.
(Мұғалім тостағанды балаларға береді.)
Нұртілек: Әр жыл құт жылы болсын.
Амина: Аспанымыз ашық болсын.
Батыр: Мейірімді болайық.
Ақерке: Қайырымды болайық.
Айсұлтан: Ешқашан ауырмайық.
Рахымжан: Үлкендерді сыйлайық.
Динара: Кішілерге қамқор болайық.
Мирас::Тату болайық.
Абзал: Кешірімді болайық.
Мадина: Бақытты болайық.
Мансұр: Деніміз сау болсын.
Сүгір:Ата-аналарымыз ауырмасын.
Ажар: Молшылық болсын.
Самал:Ақәділ:Дос болай
Сыпайы болайық.
Күн шуағын төге берсін.
(Тостағанды баланың қолынан алып) Мына тостағанның салмағы ауырлай түсіпті, өйткені бұның іші мейірімге толып тұр. Енді бұл тостағанды тастамай өзімізбен бірге алып жүреміз. Бұл тостаған қатігез жандарды мейірімді етуге көмектеседі. Қыс туралы өлең оқылады.
Аяз қысып, өрнек сызып Терезені торлайды. Қарға омбығып, бет домбығып, Сырғып жастар ойнайды. Кейде ұлып, кейде ысқырып, Ұйытқып боран соғады Айтыңдаршы балалар, бұл қай кезде болады?
-Қыс мезгілінде
-Балалар,қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс мезгілі
-Қыста ауа-райында қандай өзгерістер болады:
-Жерді қар басады Өзенді мұз басады Құстар ән салмайды Ағаштар өспейді Жәндіктер тығылып қалады, адамдар қалың киінеді.
-Қыс айлары жайлы не білеміз?
-Желтоқсан,қаңтар,ақпан
-Қыста не жауады?
-Қар жауады.
-Қардың түсі қандай?
-Қардың түсі ақ.
Тәрбиеші: Балалар,қыс табиғаты қандай әдемі, сендерге ұнай ма? Несімен ұнайды?
Балалар: Қыс мезгілінде айналаның бәрі аппақ қарға оранды.Балалар қардан аққала жасайды.Адамдар жылы киінеді, құстар жылы жаққа ұшып кетеді.
Тәрбиеші: Ал енді балалар,қыс қызығын қысқы орманға барып қызықтайық. Онда бармас бұрын орман жайында әңгімелесейікші Орман дегеніміз не? Орманда нелер тіршілік етеді. Балалар: Орманда ағаштар көп болады. Орманда жануарлар, құстар тіршілік етеді.
Қалғиды қысқы орман, Мүлгиді қысқы орман, Айырылып қалған соң, Жаздағы құстардан.
Ақ желек жамылып, Көк моншақ тағынып, ұйықтайды қысқы орман, Көктемді сағынып.
Балалар, сендер саяхатқа барғанды жақсы көресіңдер ме?
Балалар: Жақсы көреміз.
Бұрын сендер қандай саяхатқа бардыңдар?
Амина: Әке – шешеммен хайуанаттар саябағына бардым.
Мансұр: Медеу мұзайдынына бардым.
Ажар: Саябаққа қыдыруға бардым
Тәрбиеші: Балалар, барлықтарың да серуенге шыққанды жақсы көреді
екенсіңдер. Ендеше «Ғажайып қысқы орманға» барып, қыс ерекшеліктерін көріп қайтайық. Олай болса орманға қыс көлігі атты шанамен барамыз. Кәне бәріміз шанаға отырайық. Орманға саяхатқа бару үшін біз өзімізбен бірге мына мейірімділік тостағаны алып жүрейік.
Балалар, орманға дейін жол ұзақ, жол қысқаруы үшін бір ән шырқайық.
Ән: «Қыс қызығы»
Міне орманға да келдік, енді шанадан түсіп, орманға барайық.Балалар, мынау сиқырлы орман. Орманға қараңдаршы, ағаштар қар жамылған, айнала аппақ. Орманның ауасы қандай таза, ауамен аздап демалайықшы. Таза ауада демалған қандай жақсы. Ал енді, балалар мен сендерге жануарлардың қысқы тіршілігімен таныстырып кетейін.( Слайд арқылы көрсетеді)
Ормандағы қар жамылған үйшіктен Қар ханшайымы шығады да: 
-Ой бұл кімдер орман тыныштығын бұзған?
Тәрбиеші: саламатсыз ба! Қар ханшайымы! Біз балалармен бірге орманның тыныс тіршілігін тамашалауға келіп едік. Балалар Қар ханшайымымен амандасады: Саламатсыз ба? Қар ханшайымы: Саламатсыңдар ма, балалар! Жарайсыңдар, қыс қызығын қызықтап, қысқы орманның тыныс тіршілігін тамашалауға келген екенсіңдер гой! Олай болса хош келдіңдер! Ал өздерің қыс жайында не білесіңдер? Тәрбиеші: Ал балалар, Қар ханшайымына өздерің білетін тақпақтарыңды айтып беріңдерші....

Тақпақтар:
Қар ханшайымы:-Ой жарайсыңдар балалар,ал енді балалар, мен сендерге бір жұмбақ жасырайын. 
Қыста ғана болады, Қолы жоқ сурет салады Ұстасаң қолың тонады.(Қар) Тісі тістеп алады (Аяз)
Ышқынады өзі жоқ Ысқырады сөзі жоқ (Боран)
Қар ханшайымы: Жарайсыңдар балалар, ал енді маған қыс туралы санамақтар айтып беріңдерші. Рахмет сендерге өздерің білімді, ақылды екенсіңдер.Сендерге өте риза болдым. Сендерге орманнан естелік ретінде сыйлығым бар, қабыл алыңдар. Менің кететім уақытым болды.Сау болыңдар.
–Балалар әріжылынамыз,әрі көңіліміз көтеріледі.Орнымыздан тұрып, денемізді сергітіп алайықшы!
Боран соғады оң жақтан Боран соғады сол жақтан. Қар лақтырып ойнасақ, Су өтеді қолғаптан. 
(құстардың даусы естіледі) -Балалар біз қайдамыз. –Ормандамыз. –Нелердің даусы естіледі? -Құстардың. –Қыстайтын қандай құстарды білесіңдер? -Сауысқан, қарға, торғай, көгершін. –Балалар, бұл құстар суыққа төзімді құстар. Біз оларға қалай көмектесуіміз керек. –Тамақ беріп көмектесуіміз керек. Бәрі бірге: Құстар біздің досымыз. Дұрыс айтасыңдар, балалар, бұл құстар қыстап қалады екен, ал тырна қараторғай, қарлығаш сияқты құстар жылы жаққа ұшып кетеді екен. 
-Құстар туралы тақпақ білесіндер ма?
Нұртілек: 
Торғай,торғай,торғайсың,
Таяу келіп қонғайсың. 
Жем шашайын тойып ал,
Сонда аязға тоңбайсың. 

Ажар: 
Қарға, қарға,қарғалар.
Қар үстінде жорғалар. 
Боран соқса қор болар.
Бұтаға келіп қорғалар. Ал енді балалар, құстар туралы кім қандай мақал-мәтел білесіңдер? Ит тамағы үшін жүгіреді Екі сұңқар таласса Құс тамағы үшін ұшады. Бір қарғаға жем түсер

Құстың бәрі сұңқар болмас, Топтанып ұшқан торғайға, Аттың бәрі тұлпар болмас Тұрымтайда бата алмас.
Балалар, бұлар сауысқан, қарға, суықторғай екен. Құстарға қамқор болу керек, оларды аялау керек, құстарды біз қорғасақ, құстар ағаштарды құрт-құмырсқадан қорғайды екен. Мына ағаштың басына қараңдаршы, бұл не екен
Балалар: Құстарға жем салғыш.
Дұрыс, бұл құстарға жем салғыш, біз құстарға жем салайық. (Осы кезде жердегі жем салынған дорбаны түлкі ұрлап кетеді.)
Тәрбиеші:Дорбаша қайда?
Балалар: Түлкі ұрлап кетті.
Түлкі: Мына дорбашаның ішінде не бар екен? Тауықтың еті ме, әлде үйректің еті ме? Қарнымның ашқаны-ай, мынаның ішіндегі етті бір жеп тояйын. (Түлкі дорбаның аузын аша бастайды. Осы кезде қасқыр келеді. Музыка қосылып тұрады.)
Қасқыр: Р-р-р,әй, қу түлкі, балалардың дорбасын ұрлап қаштың, ішінде не бар екен
Түлкі: Білмеймін. (Дорбаны алып қойнына тығады.)
Қасқыр: Қане, бөлісейік.
Түлкі: Жоқ, бөліспеймін.
Қасқыр: Бөліскің келмесе, бәрін тартып аламын.
(Қасқыр мен түлкі алыса кетеді. Музыка ойнап тұрады.)
Балалар: Апай, біздің жем салынған дорбашаны қараңыз!(Қасқыр мен түлкіге жақындап келеді.
Сәлеметсіңдерме, түлкі, қасқыр? Сіздер неге таласып жатырсыздар
Түлкі мен қасқыр: Бермейміз. (Екеуі дорбаны бас салады.)
Тәрбиеші:Бұл дорбашаның ішінде сендер жейтін ешнәрсе жоқ. Бұның ішінде торғайларға жем салынған. Дорбашаны маған беріңдер де, сендер мына менің қолымдағы мейірімділік тостағанына қарап тілек айтыңдар, сонда сендердің дауларың шешіледі.
(Мұғалім түлкі мен қасқырға мейірімділік тостағанын ұсынады.)
Түлкі: (Тостағанға үңіліп)
Мен бір жылылықты сезіп тұрмын. Мен барлықтарыңызға мейірімді, қайырымды болайық демекпін. Қулық, сұмдық жойылсын деп тілек айтқым келеді.(Түлкі қасқырға қарап)
-Қасеке, мына тостағанға қарашы, қандай ғажайып тостаған?!
(Қасқыр тостағанға қарап бір сілкініп)
-О-о-о, ғажайып десе, ғажайып екен. Мен де бір жылылықты сезіп тұрмын, мен де бір тілек айтайын. Зорлық-зомбылық деген болмасын. Барлық аңдар дос, тату болайық. Балалар, түлкі екеуміз бірігіп, сендермен бірге құстарға жем берейік:Келіңдер, бірігіп жем берейік. (Барлығы құстарға жембереді.) : Тәрбиеші: Қасқыр, түлкі енді балалармен бірігіп бір ойын ойнайық. Аққаланы жапсыру ойынын ойнап жіберейік. Шарты: тақтаға жартылай қиылып жасалған аққала бөліктері ілінеді. Үстел үстінде қалған бөліктері, басына киетін шелегі, аузы, қолы, сыпырғышы, ілгегі сияқты суреттері жатады. Балалар осы бөліктерді алып артындағы сұраққа жауап береді.
Қасқыр, түлкі, біздің қайтатын уақытымыз келді. Сендермен дос болғанымызға өте қуаныштымыз
Түлкі: Балалар, қасқыр екеуміз сендерге сиқырлы қоңырау сыйлағымыз келеді. Бұл сиқырлы қоңырауды сылдырлатсаңдар көзді ашып- жұмғанша қалаған жерлеріңе жетесіңдер.
Тәрбиеші: Рахмет сендерге! Балалар, қасқырмен, түлкімен қоштасайық.. Қайтатын уақытымыз, шанамызға отырайық(Қоңырауды сылдырлатып көзді ашып-жұмғанша топқа оралады.)
Тәрбиеші:Балалар, сендерге саяхат ұнады ма?
Балалар: Ұнады.
Тәрбиеші:Қыс мезгілі сендерге несімен ұнайды?
Балалар: Аққала жасаймыз, сырғанақ тебеміз, Аяз ата келеді, көп сыйлық береді.
Тәрбиеші:Қыста күн қандай болады екен?
Балалар: Суық болады, қар жауады, адамдар жылы киінеді.
Тәрбиеші:Дұрыс айтасыңдар, балалар, қыста күн суық болады, қар жауады екен. Ал қысқы орман орман қандай болады екен?
Балалар: Ағаштар қар жамылып тұрады: Аю қыста ұйықтайды. Орманда тек қана қыстап қалатын құстар болады.
Тәрбиеші: 
-Ал балалар олай болса мен сендерге сұрақтар қоямын.
- Көңіл-күйіміз қандай? Тамаша! 
- Қыс мезгілі қандай? Тамаша!.
- Ауа райы қандай? Тамаша! 
- Бүгінгі сабағымыз қандай? Тамаша!
- Келген қонақтарымыз қандай? Тамаша! 
-Көңіл күйіміз қандай? Тамаша!
Келген қонақтарымызға да бүгінгі көңіл күйімізді сыйлайық! 
(Бәрі бірге)
Біз сіздермен бірге болғанымызға қуаныштымыз. 
Біз сіздерге сәттілік тілейміз!
Біз сіздерге көтеріңкі көңіл күй сыйлаймыз! 
Тәрбиеші:Балалар біз бірінші қонақтармен қоштасып алайық. 
Қандай жақсы ашық сабақ болғаны Білім нәрі жүрекке кеп қонғаны Біз білімді болып шықтық мінекей, Апайымның орындалып арманы.  

Жарияланған күні: 12-02-2015  



«Елі сүйген, елін сүйген – Елбасы!»


Жарияланған күні: 24-05-2017  

Туған күнге арналған тәтті тоқаштар

icon

Білімділік: Нанның қандай еңбекпен дастырханға келетінін , балалармен бірге қайталай отырып , нанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Балаларды аспазшы кипіне еніп, ұннан жасалған өніммнен әр түрлі тәттілерді, орау , бүктеу, бастыру әдісін пайдалана отырып тоқаштар жасауға үйрету. Балаларға мерекені естеріне түсіре отырып, топ ішіндегі балалардың туған күндерінде бір-біріне жылы сөздер және мерекелік көңіл күй сыйлауға талпындыру. 
Тәрбелік: Балалардың бойында достық сезімін құрметтеуге тәрбиелеу. 
Дамытушылық: Балалардың ақыл-ойын, тілдік қорын, нанға деген сүйіспеншілігін дамыту.  


Жарияланған күні: 16-02-2016  

Қош бол балабақша!

Өтті қызық көп күндер,
Жеті жасқа жеттіңдер.
Барады олар мектепке,
Бір белестен өткендер  


Жарияланған күні: 25-05-2015  

Достық, Ынтымақ, Жеңіс күні

Балаларға Қазақстан Республикасының әлемде ең алғашқы мемлекеттің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру. Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлауға үйрету. Балаларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық тәрбие беру. 


Жарияланған күні: 12-05-2015  

Наурыз-жыл басы

Мақсаты: Балаларға наурыз мерекесі туралы мәлімет беру, салт – дәстүрмен таныстыру. Сыйластыққа , мәдениеттілікке тәрбиелеу. Қуанышты көңіл –күй сыйлау. 


Жарияланған күні: 06-04-2015  

"Мерекеңмен анашым"-ересектер тобы

8-наурыз мейрамы туралы түсінік беру, анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, аналар туралы өлең шумақтарын оқуда мәнерлі, сауатты, анық оқи алуға машықтандыру; 
оқушыны ізгілік, инабаттылық, сыйластық, адамгершілік сияқты қасиеттерге тәрбиелеу.
Залға әуенмен ұлдар кіреді. Екі жаққа тұрып қыздарды шапалақпен күтіп алып, орындарына отырғызады. 


Жарияланған күні: 13-03-2015  

Қыс қызығы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Көркем әдебиет,қоршаған ортамен таныстыру.
Мақсаты: Балалардың табиғат құбылысы жайлы ұғымдарын кеңейту, туған өлкеге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, тілдерін дамыту,балаларға қыс туралы түсінік беру,қыс мезгілінің ерекшелігін түсіндіру.Ормандағы аңдарға, құстарға қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.
Алдын-ала жұмыс: дамыту, сұрақтарға жауап беруге үйрету.Қыс мезгілінің сұлулығын тамашалай білуге тәрбиелеу және ойын арқылы шапшаң қимылдар жасау икемділігін арттыру.
Көрнекілігі: Қар жамылған ағаштар, қарлар, қыс суреттері, аю кейіпкері, аққала кейіпкері, құстардың, аңдардың кеспе суреттері.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ- жауап, әңгімелеу, ойын ойнау, саяхат, мадақтау.
Сөздік жұмыс: қарлы, ызғарлы, аққала
Алдын-ала жұмыс: Қыс туралы өлеңдер жаттау, суреттермен жұмыс жасау. 


Жарияланған күні: 12-02-2015  

Қош келдің, Жаңа жыл!

Балалар әуенмен залға кіреді. Шыршаны айналып, дөңгелене тұрады. 


Жарияланған күні: 19-12-2014  

Желтоқсан жаңғырығы

Еліміздің тәуелсіз ел болу тарихына тоқталу, балалардың Отанын, жерін, елін сүюге, құрметтеуге баулу. Ел теңсіздігі, желтоқсан оқиғасы туралы түсінік беру. Тәуелсіз елге білімді ұрпақ тәрбиелеу. 


Жарияланған күні: 11-12-2014  

Армысың, Алтын күз

Мақсаты:Күз мезгілінің қыр-сырын жете меңгере білу.Оның өзгерістерімен таныстыру,әсемдікке баулу. Күзгі еңбек және табиғатты сүю, қорғау. Күз туралы балалардың дүниетанымдарын арттыру. Ата-ана, бала мен балабақша арасында қатынас орнату. 


Жарияланған күні: 29-11-2014  

Ғажайыптар әлемі

Білімділік: Балалардың бұрыннан таныс ертегілерін естеріне түсіріп, көркем шығармаға деген қызығушылығын арттыру. Сол арқылы ой өрісін, дүниетанымын кеңейту.
Дамытушылық: Ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту. Жарысқа, жылдамдыққа, ортақ мақсатқа, қызығушылыққа, ойын кезінде алған білімдерін көрсете білуге үйрету. 


Жарияланған күні: 19-11-2014  

Халықтар достастығы

-Ынтымақ, бірлік ұғымдарын түсіндіру
-Достық қарым-қатынасты нығайту
-Татулықта, бірлікте өмір сүруге тәрбиелеу.  


Жарияланған күні: 12-10-2014  

Табиғатты аялайық

Мақсаты:Ертегіні ағылшын тілінде сахналау арқылы, бір-бірімен диалог арқылы, еркін сөйлеуге дағдыландыру.Тақпақ, ойын, ән айту арқылы ағылшын тіліне қызығушылығын арттыру. Балаларға экологиялық, танымдық ұғым беру.Өз ойларын еркін жеткізе білуге үйрету. Табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыруға, әсемдікті, әдемілікті көре білуге,табиғатты қорғап аялауға үйрету.  


Жарияланған күні: 23-05-2014  

Көрікті көктем

Табиғат құбылысындағы мезгілдік өзгерістер туралы білімдерін бетіту. Бөлме гулдерін танып, олардың атауын дұрыс атау. Бөлме гулдерін отырғызу және көбейту тәсілдері туралы білімдерін бекіту. Граматикалық формада дұрыс сөйлеуге уйрету. Сөздік қорын молайту.Қоршаған ортаны,табиғатты аялай білуге уйрету. Табиғатқа деген суйіспеншілігін арттыру. Гүлдерге қамқорлық жасай білуге,ұқыптылыққа тәрбиелеу. 


Жарияланған күні: 30-04-2014  

Ғарышқа математикамен бірге

Білімділігі:Ғарышқа саяхат жасай отырып,балалардың математикаға деген қызығушылығын арттыру.Балалардың апта күндерін ретімен жаңылмай айтуға, санды санау,тура және кері санау,геометриялық пішіндерді ажыратып айтып білуін бекіту. 


Жарияланған күні: 14-03-2014  

Туған өлкеге саяхат

Туған ел. Отан жайында түсініктерін қалыптастыру. «Туған жер, ел, Отан» сөздерінің мәнін ашып, ойларын кеңейту; өз елі үшін мақтаныш сезімін қалыптастыру; туған елге деген құрмет; махаббат сезімдеріне тәрбиелеу; ұлттық қолөнеріне, өнерге, ойынға қызығушылығын арттырып, еңбекке баулу.  


Жарияланған күні: 14-02-2014  

Туған жер – алтын бесігім

Балаларға «Отан», «туған жер», «менің қалам» сөздерінің құндылықтарын түсіндіру.Туған жерін, елін сүюге, қадірлей білуге тәрбиелеу.Балалардың бойында патриоттық сезімдерді арттыру. 


Жарияланған күні: 10-01-2014  

Үй жануарлары

Үй жануарлары, төлдері туралы білімдерін кеңейту. Үй 
жануарларының, төлдерінің атын дұрыс айта білуге үйрету; Неліктен үй жануарлары деп аталатыны жөнінде түсінік беру. 
Сурет бойынша әңгіме құрастыруға үйрету. Олардың пайдасын 
айту. Күтіп баптауға, қорғап, қамқорлық жасауға төлдерге деген 
сүйіспеншілік сезімдерін ояту арқылы тәрбиелеу. 


Жарияланған күні: 25-12-2013  

Күз көрінісі (Ашық серуен жоспары)

Сабақ мақсаты: Балалардың күз мезгілі туралы түсінігін одан әрі кеңейту.
Баланың табиғатқа деген қызығушылығын арттыра отырып табиғаттағы мерзімдік құбылыстар жайлы, өсімдіктер әлемі мен құстар туралы түсінігін қалыптастыру ісін одан әрі жалғастыру. Сондай ақ табиғат құбылыстарын мұқият бақылауға және олардың арасындағы қарапайым байланысты анықтауға табиғаттың әсемдігін сезініп сүйе білуге, өсімдіктермен, жануарларға, құстарға қамқорлық пен қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу.  


Жарияланған күні: 01-11-2013  

“Fantasy Story World” "Ғажайып ертегілер әлемі"

Балалардың ертегідегі кейіпкерлердің рөлін ойнау арқылы әртістік қабілетін дамыту, ағылшын тілінде мәнерлеп сөйлеуге үйрету. Олардың дауысын салып, қызыға ойнау дағдыларын қалыптастастыру. Балалардың ертегіге, ағылшын тіліне деген қызығушылықтарын арттырып, сезімін, қиялын ояту.  


Жарияланған күні: 05-10-2013  

A trip to London

Мақсаты: балалардың сөйлеу дағдысын қалыптастыру, олардың Лондон туралы ой-өрісін дамыту, сөздік қорын молайту, адамгершілікке және өзге мемлекеттің тілін, салт-дәстүрін құрметтей білуге тәрбиелеу. 


Жарияланған күні: 27-03-2013