Ғарышқа математикамен бірге

Сабақтың тақырыбы:"Ғарышқа математикамен бірге"

Сабақтың мақсаты: а)Білімділігі:Ғарышқа саяхат жасай отырып,балалардың математикаға деген қызығушылығын арттыру.Балалардың апта күндерін ретімен жаңылмай айтуға, санды санау,тура және кері санау,геометриялық пішіндерді ажыратып айтып білуін бекіту.

ә)Тәрбиелігі:Балаларды ұйымшылдыққа,еңбекқорлыққа тәрбиелеу.Балалардың ой-өрісін бейімділігін дамыту.Тапсырманы тиянақты орындауға дағдыландыру.
б)Дамытушылығы:Логикалық ойлау дағдысын дамыту.Сөйлеу қабілетін мәдениетін дамыту.
Сабақтың әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап,саяхат,топпен жұмыс,
әңгімелесу,көрсету,түсіндіру,ойнату,бақылау,мадақтау.
Сабақтың көрнекілігі:Зымыран,аспан әлемі,ғаламшарлар,жұлдызшалар,5-ке дейінгі сандар,таңшолпан жұлдызы,ай,пішіндер.
-Балалар бүгін бізде ерекше күн,бізге көптеген қонақтар келіпті.Сәлемдесу-тәрбиенің басы демекші,қонақтармен амандасып алайық.
Арайлы таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Қайырлы таң балалар,
Қайырлы таң қонақтар!
Сәлеметсіздер ме?
-Балалар,сендер ұйқыдан тұрғанда сыртта нені көресіңдер?
-Күнді көреміз,күннің жарқыраған нұрын көреміз.
-Күннің нұрын көргенде қалай қуанасыңдар?
-Алақай,алақай деп қуанамыз.
Күн анамыз бізге нұрын шашып тұр.Кәне,күнге ұқсап шеңбер жасап тұрайық,денемізді,бойымызды оятайық.
Салем көздер оянайық,
Салем құлақтар оянайық,
Салем қолдар оянайық
Салем аяқтар оянайық .
-Балалар көңіл-күйлеріңіз қалай?
-Тамаша
Олай тамаша ойынын ойнап жіберейік.Ойынның шарты:Егер менің сөздерім ұнаған болса сұқ саусақтарымызды жұмып,бас бармағымызды корсетеміз.
1.Ақбота балабақшасы қандай?
2.Ғарышкер тобының балалары қандай?
3.Қыс мезгілі қандай?
4.Қар жауған қандай?
5.Менің айтып тұрған сөздерім қандай?
6.Бүгін келген қонақтар қандай?
Ендеше балалар,бүгінгі күнімізде дәл осылай тамаша өтсін.

Сабақтың барысы: 
Тәрбиеші сұрақ қоя отырып сабақты бастайды.
-Жылдың неше мезгілі бар?
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс мезгілінің неше айы бар?
-Қазір қыстың қай айы?
-Қыс мезгілінің ерекшеліктері қандай болады?
Сабақтың барысы:
-Балалар біздер бүгінгі сабақта ғарыш әлеміне саяхатқа барамыз,яғни ғарышкерлер боламыз.
-Ғарышқа бару үшін бізге не керек?
-Зымыран.
Олай болса балалар,бәріміз бірігіп отырып мына геометриялық пішіндерден зымыран құрастырайық.
(тақтаға зымыран суретін құрастырады)

-Зымыран құрастыру кезінде қандай пішіндерді пайдаландық?
-Үшбұрыш-төбесі,кеудесі-төртбұрыш, 2 қанаты-үшбұрыш,құйрығы-үшбұрыш деп жауап береді.
-Міне балалар зымыранымызда дайын.Енді дайындалыңдар ғарыш әлеміне ұшуға рұқсат беріледі.
-Ұштық (музыка ойналады)
Міне ғарышқа да келдік.Біздің алдымызда аспан әлемі.
Ай келеді,көңілсіз.
-Сәлеметсіздер ме балалар?Қайдан келдіңдер?
-Сәлеметсізбе Ай?Біз ғарыш әлеміне саяхат жасап келдік.Ал сен неге көңілсізсің?
-Менің таң шолпан жұлдызымды жат планеталықтар ұрлап кетті,мына тапсырмаларды орындасам ғана жіберетіндерін айтты.Ал мен болсам мына тапсырмаларды бір өзім орындай алмаймын.Таң шолпан жұлдызысыз таң атпайды.Сендер маған көмектесе аласыңдар ма?
-Көмектесеміз бе балалар?
-Міне мына 5 үшбұрышпен ,мына көпбұрыштың тапсырмаларын орындап құрастырсақ таң шолпан жұлдызымыз дайын болады.

•1-ден 5-ке дейін тура және кері санау.
•Апта күндерін атау.
•Санамақ айту.
•Жұмбақ шешу (уақыт мезгілдеріне байланысты)
•Логикалық сұрақтар.
•Д/қ ойын:"Адасқан сандар"


Сергіту сәті:Тұрып дем алайық
Оңға,Оңға түзу тұр
Солға, солға түзу тұр
Алға қарай бір адым 
Артқа қарай бір адым 
Жоғары-төмен қарайық
Орнымызды табайық.
(музыка әуенімен жұлдыз кіреді)
Сәлеметсіздер ме балалар?Айға көмектесіп мені құтқарғандарыңа рахмет.
Тәрбиеші:Балалар тапсырмаларды мултіксіз орындадық,енді өзімізге естелік ретінде ғаламшардан жұлдыздар алып кетейік.Ол үшін алдымыздағы дайын геометриялық пішіндерді пайдалана отырып ,жұлдыздар құрастырайық.
(жапсыру жұмысы жүреді)
Тәрбиеші:Балалар,өте әдемі жұлдыздар құрастырылды.Жұлдыздар қандай пішіннен тұрады екен?
Балалар:5-үшбұрыш,- бес бұрыш.
Ал,енді балалар балабақшамызға қайтатын уақытымыз болды,жиналайық.Қане,зымыранға отырайық.
-Міне балабақшамызға да келіп жеттік.Балалар сендердің білімдерің арқасында,бүгінгі ғарышқа сапарымыз сәтті аяқталды.Алып келген естеліктерімізді жақсы тілектерімізді айтып,қонақтарға табыстайық.
Енді балалар мына келген қонақтармен қоштасайық.
Қыс келіпті дегенше 
Мереке болсын дегейсің
Қонаққа келіп тұратын 
Апайларымыз көбейсін.
Сау болыңыздар! 

Жарияланған күні: 14-03-2014  



«Елі сүйген, елін сүйген – Елбасы!»


Жарияланған күні: 24-05-2017  

Туған күнге арналған тәтті тоқаштар

icon

Білімділік: Нанның қандай еңбекпен дастырханға келетінін , балалармен бірге қайталай отырып , нанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Балаларды аспазшы кипіне еніп, ұннан жасалған өніммнен әр түрлі тәттілерді, орау , бүктеу, бастыру әдісін пайдалана отырып тоқаштар жасауға үйрету. Балаларға мерекені естеріне түсіре отырып, топ ішіндегі балалардың туған күндерінде бір-біріне жылы сөздер және мерекелік көңіл күй сыйлауға талпындыру. 
Тәрбелік: Балалардың бойында достық сезімін құрметтеуге тәрбиелеу. 
Дамытушылық: Балалардың ақыл-ойын, тілдік қорын, нанға деген сүйіспеншілігін дамыту.  


Жарияланған күні: 16-02-2016  

Қош бол балабақша!

Өтті қызық көп күндер,
Жеті жасқа жеттіңдер.
Барады олар мектепке,
Бір белестен өткендер  


Жарияланған күні: 25-05-2015  

Достық, Ынтымақ, Жеңіс күні

Балаларға Қазақстан Республикасының әлемде ең алғашқы мемлекеттің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру. Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлауға үйрету. Балаларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық тәрбие беру. 


Жарияланған күні: 12-05-2015  

Наурыз-жыл басы

Мақсаты: Балаларға наурыз мерекесі туралы мәлімет беру, салт – дәстүрмен таныстыру. Сыйластыққа , мәдениеттілікке тәрбиелеу. Қуанышты көңіл –күй сыйлау. 


Жарияланған күні: 06-04-2015  

"Мерекеңмен анашым"-ересектер тобы

8-наурыз мейрамы туралы түсінік беру, анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, аналар туралы өлең шумақтарын оқуда мәнерлі, сауатты, анық оқи алуға машықтандыру; 
оқушыны ізгілік, инабаттылық, сыйластық, адамгершілік сияқты қасиеттерге тәрбиелеу.
Залға әуенмен ұлдар кіреді. Екі жаққа тұрып қыздарды шапалақпен күтіп алып, орындарына отырғызады. 


Жарияланған күні: 13-03-2015  

Қыс қызығы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Көркем әдебиет,қоршаған ортамен таныстыру.
Мақсаты: Балалардың табиғат құбылысы жайлы ұғымдарын кеңейту, туған өлкеге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, тілдерін дамыту,балаларға қыс туралы түсінік беру,қыс мезгілінің ерекшелігін түсіндіру.Ормандағы аңдарға, құстарға қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.
Алдын-ала жұмыс: дамыту, сұрақтарға жауап беруге үйрету.Қыс мезгілінің сұлулығын тамашалай білуге тәрбиелеу және ойын арқылы шапшаң қимылдар жасау икемділігін арттыру.
Көрнекілігі: Қар жамылған ағаштар, қарлар, қыс суреттері, аю кейіпкері, аққала кейіпкері, құстардың, аңдардың кеспе суреттері.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ- жауап, әңгімелеу, ойын ойнау, саяхат, мадақтау.
Сөздік жұмыс: қарлы, ызғарлы, аққала
Алдын-ала жұмыс: Қыс туралы өлеңдер жаттау, суреттермен жұмыс жасау. 


Жарияланған күні: 12-02-2015  

Қош келдің, Жаңа жыл!

Балалар әуенмен залға кіреді. Шыршаны айналып, дөңгелене тұрады. 


Жарияланған күні: 19-12-2014  

Желтоқсан жаңғырығы

Еліміздің тәуелсіз ел болу тарихына тоқталу, балалардың Отанын, жерін, елін сүюге, құрметтеуге баулу. Ел теңсіздігі, желтоқсан оқиғасы туралы түсінік беру. Тәуелсіз елге білімді ұрпақ тәрбиелеу. 


Жарияланған күні: 11-12-2014  

Армысың, Алтын күз

Мақсаты:Күз мезгілінің қыр-сырын жете меңгере білу.Оның өзгерістерімен таныстыру,әсемдікке баулу. Күзгі еңбек және табиғатты сүю, қорғау. Күз туралы балалардың дүниетанымдарын арттыру. Ата-ана, бала мен балабақша арасында қатынас орнату. 


Жарияланған күні: 29-11-2014  

Ғажайыптар әлемі

Білімділік: Балалардың бұрыннан таныс ертегілерін естеріне түсіріп, көркем шығармаға деген қызығушылығын арттыру. Сол арқылы ой өрісін, дүниетанымын кеңейту.
Дамытушылық: Ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту. Жарысқа, жылдамдыққа, ортақ мақсатқа, қызығушылыққа, ойын кезінде алған білімдерін көрсете білуге үйрету. 


Жарияланған күні: 19-11-2014  

Халықтар достастығы

-Ынтымақ, бірлік ұғымдарын түсіндіру
-Достық қарым-қатынасты нығайту
-Татулықта, бірлікте өмір сүруге тәрбиелеу.  


Жарияланған күні: 12-10-2014  

Табиғатты аялайық

Мақсаты:Ертегіні ағылшын тілінде сахналау арқылы, бір-бірімен диалог арқылы, еркін сөйлеуге дағдыландыру.Тақпақ, ойын, ән айту арқылы ағылшын тіліне қызығушылығын арттыру. Балаларға экологиялық, танымдық ұғым беру.Өз ойларын еркін жеткізе білуге үйрету. Табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыруға, әсемдікті, әдемілікті көре білуге,табиғатты қорғап аялауға үйрету.  


Жарияланған күні: 23-05-2014  

Көрікті көктем

Табиғат құбылысындағы мезгілдік өзгерістер туралы білімдерін бетіту. Бөлме гулдерін танып, олардың атауын дұрыс атау. Бөлме гулдерін отырғызу және көбейту тәсілдері туралы білімдерін бекіту. Граматикалық формада дұрыс сөйлеуге уйрету. Сөздік қорын молайту.Қоршаған ортаны,табиғатты аялай білуге уйрету. Табиғатқа деген суйіспеншілігін арттыру. Гүлдерге қамқорлық жасай білуге,ұқыптылыққа тәрбиелеу. 


Жарияланған күні: 30-04-2014  

Ғарышқа математикамен бірге

Білімділігі:Ғарышқа саяхат жасай отырып,балалардың математикаға деген қызығушылығын арттыру.Балалардың апта күндерін ретімен жаңылмай айтуға, санды санау,тура және кері санау,геометриялық пішіндерді ажыратып айтып білуін бекіту. 


Жарияланған күні: 14-03-2014  

Туған өлкеге саяхат

Туған ел. Отан жайында түсініктерін қалыптастыру. «Туған жер, ел, Отан» сөздерінің мәнін ашып, ойларын кеңейту; өз елі үшін мақтаныш сезімін қалыптастыру; туған елге деген құрмет; махаббат сезімдеріне тәрбиелеу; ұлттық қолөнеріне, өнерге, ойынға қызығушылығын арттырып, еңбекке баулу.  


Жарияланған күні: 14-02-2014  

Туған жер – алтын бесігім

Балаларға «Отан», «туған жер», «менің қалам» сөздерінің құндылықтарын түсіндіру.Туған жерін, елін сүюге, қадірлей білуге тәрбиелеу.Балалардың бойында патриоттық сезімдерді арттыру. 


Жарияланған күні: 10-01-2014  

Үй жануарлары

Үй жануарлары, төлдері туралы білімдерін кеңейту. Үй 
жануарларының, төлдерінің атын дұрыс айта білуге үйрету; Неліктен үй жануарлары деп аталатыны жөнінде түсінік беру. 
Сурет бойынша әңгіме құрастыруға үйрету. Олардың пайдасын 
айту. Күтіп баптауға, қорғап, қамқорлық жасауға төлдерге деген 
сүйіспеншілік сезімдерін ояту арқылы тәрбиелеу. 


Жарияланған күні: 25-12-2013  

Күз көрінісі (Ашық серуен жоспары)

Сабақ мақсаты: Балалардың күз мезгілі туралы түсінігін одан әрі кеңейту.
Баланың табиғатқа деген қызығушылығын арттыра отырып табиғаттағы мерзімдік құбылыстар жайлы, өсімдіктер әлемі мен құстар туралы түсінігін қалыптастыру ісін одан әрі жалғастыру. Сондай ақ табиғат құбылыстарын мұқият бақылауға және олардың арасындағы қарапайым байланысты анықтауға табиғаттың әсемдігін сезініп сүйе білуге, өсімдіктермен, жануарларға, құстарға қамқорлық пен қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу.  


Жарияланған күні: 01-11-2013  

“Fantasy Story World” "Ғажайып ертегілер әлемі"

Балалардың ертегідегі кейіпкерлердің рөлін ойнау арқылы әртістік қабілетін дамыту, ағылшын тілінде мәнерлеп сөйлеуге үйрету. Олардың дауысын салып, қызыға ойнау дағдыларын қалыптастастыру. Балалардың ертегіге, ағылшын тіліне деген қызығушылықтарын арттырып, сезімін, қиялын ояту.  


Жарияланған күні: 05-10-2013  

A trip to London

Мақсаты: балалардың сөйлеу дағдысын қалыптастыру, олардың Лондон туралы ой-өрісін дамыту, сөздік қорын молайту, адамгершілікке және өзге мемлекеттің тілін, салт-дәстүрін құрметтей білуге тәрбиелеу. 


Жарияланған күні: 27-03-2013