Ғажайыптар әлемі

Тақырыбы: Ғажайыптар әлемі

Білімділік: Балалардың бұрыннан таныс ертегілерін естеріне түсіріп, көркем шығармаға деген қызығушылығын арттыру. Сол арқылы ой өрісін, дүниетанымын кеңейту.
Дамытушылық: Ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту. Жарысқа, жылдамдыққа, ортақ мақсатқа, қызығушылыққа, ойын кезінде алған білімдерін көрсете білуге үйрету.
Тәрбиелік: Ертегі мазмұны арқылы адамгершілікке, достыққа, адалдыққа, кішіпейілділікке тәрбиелеу.
Қажетті құралдар: Телевизор, сандық, шапан, «Үйшік» ертегісі кейіпкерлерінің бетперделері.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Көрсету, сұрақ-жауап.
Билингвистикалық компоненттер: Ертегі-сказка, үйшік-теремок.
Жылулық шеңбері:
Күннің көзі ашылып,
Көққе шуақ шашылып.
Құтты қонақ келіпті,
Төрімізге еніпті.
Амандасу үлкенге,
Тәрбиенің басы ғой.
Ал, қанекей бәріміз,
Сәлем дейік үлкенге.
Қуанамыз біз де,
Қуаныңыз сіз де.
Күліп шыққан күнге.
Тәрбиеші: 1.Ертегі қандай шығарма? 2. Әңгіменің одан айырмашылығы қандай?
Балалар: Ертегі ой-қиялдан шығады. Ал, әңгіме өмірде болған нәрселер.
Тәрбиеші: Ертегі, әңгіме, өлең, бұл шығармалар туралы қандай оқу іс-әрекетінде көбірек үйренеміз?
Балалар: Көркем әдебиет, тіл дамыту.
Тәрбиеші: Ендеше, балалар, бүгінгі көркем әдебиет оқу іс-әрекетінде біз «Ғажайыптар әлеміне» саяхат жасаймыз.
Тәрбиеші: Ал, балалар, сендер ертегіні жақсы көресіңдер ме? Көп ертегі білесіңдер ме?
Ендеше сендердің ертегілер туралы білімдеріңді тексеріп көрейін, мен ертегілерден үзінді өлең оқимын, оның қай ертегілерден, қай кейіпкерлердің сөзі екенін айтып беріңдер.
Тәрбиеші: Шұнақтарым,
Шырақтарым, есікті аш,
Енең келді көріңдер,
Бауырыма еніңдер!
Балалар: «Лақтар мен қасқыр» ертегісі.
Тәрбиеші: Әжей қойма қырнаған,
Екі уыс дән жинаған.
Балқаймаққа шылаған,
Пісіріп шаймен сылаған.
Балалар: «Бауырсақ» ертегісі.
Тәрбиеші: Отырып алып түбірге,
Самсаның бірін жеймін мен.
Балалар: «Маша мен аю» ертегісі.
Тәрбиеші: Әтешім-ау, уа әтеш,
Терезеден қарай ғой,
Бұршақ берем ала ғой.
Балалар: «Мысық, әтеш және түлкі» ертегісі.
Тәрбиеші: Түлкі жортып келе жатты,
Жолшыбай бір оқтау тапты.
Оқтау үшін тауық алды,
Тауық үшін қаз алды.
Балалар: «Оқтау ұстаған түлкі» ертегісі.
Тәрбиеші: От үйіліп жанып жатыр,
Шойын қазан қайнап жатыр.
Болат пышақ қайрап жатыр,
Мені соймақ ойлары.
Балалар: «Шұбар тауық» ертегісі.
Тәрбиеші: Ой, балалар, сендер ертегіні көп білетін сияқтысыңдар, ендеше екі топқа бөлініп, сайысып көрейік. Алдымен бір мультфильм тамашалап алайық.
Теледидардан «Қазақ ертегілері» атты кітап ашылады. Ішінен Алдар шығады.
Тәрбиеші: Балалар, бұл кім? Ол қандай кейіпкер?
Балалар: Бұл-Алдар Көсе. Ол-ақылды, айлакер, көңілді, мейірімді.
Экраннан Алдардың бейнесі жоқ болып кетеді.
Тәрбиеші: Балалар, Алдар қайда кетіп қалды?
Алдар Көсе: Мен мұндамын. Сендер мені сондай мақтадыңдар, мен кітаптың ішінде шыдап отыра алмадым. Сендерге келдім.
Тәрбиеші: Келгеніңіз жақсы болды. Біздің балалар ертегілерді көп біледі екен. Қазір «Алтын балықтар» және «Алтын айдарлы әтештер» болып екі топқа бөлініп, бір бірімен сайыспақшы. Мен оларға тапсырмалар беремін, ал сіз әділқазы болыңыз.
Алдар Көсе: Жарайды. Ендеше мен жақсы жауап берген топтың қоржынына бір алтын теңгеден салып отырайын.
Тапсырма:
Ертегі көрінісін құрастыр. Қай ертегі екенін ата. Балалар қиындылардан үлгіге қарап өздеріне таныс ертегі сюжетін құрастырады.
Ертегі бойынша жұмбақтар.
1.Винни Пухтың досы кім?
2.Карлсонның дәрісі не?
3.Белгілі халық ертегісінің кейіпкерлері қандай көкөністі жерден тартып шығарды?
4.Золушка нені жоғалтты?
5.Атай мен әжей қалған астықтан не пісірді?
6.Ертегілерде қандай кейіпкерлер өмірде кездеспейді?
7.Чебурашканың досы кім?
8.Қандай кейіпкерлер өмірде кездеспейді?
Сергіту сәті:
«Тиым салған сөздер» ойыны.
Тәрбиеші «Үйшік» ертегісін әңгімелеп береді. «Үйшік», «тышқан», «бақа», «қоян», «қасқыр», «түлкі», «аю», сөздері айтылмайды. Орнына ыммен көрсетеді. «Үйшік» екі рет қол соғу, бақа-ква-ква, тышқан-пик-пик, қоян-секіру, түлкі-бұлғақтау, қасқыр-ырылдау, аю-қорбаңдау қимылдары.
Тапсырма:
Тек топ жетекшілеріне арналады. Екі топтың жетекшісі тақтада берілген суретті сызба бойынша ертегі құрастырып оған ат қояды. 
Тәрбиеші: Балалар, Алдар бізбен қоштасып, кеткісі келіп отыр. Ал, қазақ халқы келген қонақты сый-сияпатсыз жібермеген. Сол себепті біз де Алдарды сыйлықсыз жібермейміз. Алдарға және келген қонақтарға шапан сыйлайық. Балалар дайын шапанды ұлттық оюлармен өрнектейді.
Тәрбиеші: Мына кішкентай шапандардан бір үлкен шапанды қалай жасасақ екен? Ертегілер елінен келген Алдардың өзі көмектесер. Балалар көздерін жұмады. Алдар сиқырлы сөз айтқанда, бір түйіншек пайда болады. Балалар көздерін ашады. Түйіншекті шешкенде әдемі, үлкен шапан шығады. Алдар рахметін айтып, балаларға тәттілер сыйлайды.
Балалар шапанды Алдарға кигізіп қоштасады.
Қорытынды.
Тәрбиеші: Біздің «Ғажайып әлемі» атты саяхатымыз аяқталды. Екі топта өте жақсы білімді екенін көрсетті. Екі топтың қоржындарындағы теңгелерді санап, жеңімпазды анықтау.  

Жарияланған күні: 19-11-2014  



«Елі сүйген, елін сүйген – Елбасы!»


Жарияланған күні: 24-05-2017  

Туған күнге арналған тәтті тоқаштар

icon

Білімділік: Нанның қандай еңбекпен дастырханға келетінін , балалармен бірге қайталай отырып , нанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Балаларды аспазшы кипіне еніп, ұннан жасалған өніммнен әр түрлі тәттілерді, орау , бүктеу, бастыру әдісін пайдалана отырып тоқаштар жасауға үйрету. Балаларға мерекені естеріне түсіре отырып, топ ішіндегі балалардың туған күндерінде бір-біріне жылы сөздер және мерекелік көңіл күй сыйлауға талпындыру. 
Тәрбелік: Балалардың бойында достық сезімін құрметтеуге тәрбиелеу. 
Дамытушылық: Балалардың ақыл-ойын, тілдік қорын, нанға деген сүйіспеншілігін дамыту.  


Жарияланған күні: 16-02-2016  

Қош бол балабақша!

Өтті қызық көп күндер,
Жеті жасқа жеттіңдер.
Барады олар мектепке,
Бір белестен өткендер  


Жарияланған күні: 25-05-2015  

Достық, Ынтымақ, Жеңіс күні

Балаларға Қазақстан Республикасының әлемде ең алғашқы мемлекеттің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру. Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлауға үйрету. Балаларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық тәрбие беру. 


Жарияланған күні: 12-05-2015  

Наурыз-жыл басы

Мақсаты: Балаларға наурыз мерекесі туралы мәлімет беру, салт – дәстүрмен таныстыру. Сыйластыққа , мәдениеттілікке тәрбиелеу. Қуанышты көңіл –күй сыйлау. 


Жарияланған күні: 06-04-2015  

"Мерекеңмен анашым"-ересектер тобы

8-наурыз мейрамы туралы түсінік беру, анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, аналар туралы өлең шумақтарын оқуда мәнерлі, сауатты, анық оқи алуға машықтандыру; 
оқушыны ізгілік, инабаттылық, сыйластық, адамгершілік сияқты қасиеттерге тәрбиелеу.
Залға әуенмен ұлдар кіреді. Екі жаққа тұрып қыздарды шапалақпен күтіп алып, орындарына отырғызады. 


Жарияланған күні: 13-03-2015  

Қыс қызығы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Көркем әдебиет,қоршаған ортамен таныстыру.
Мақсаты: Балалардың табиғат құбылысы жайлы ұғымдарын кеңейту, туған өлкеге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, тілдерін дамыту,балаларға қыс туралы түсінік беру,қыс мезгілінің ерекшелігін түсіндіру.Ормандағы аңдарға, құстарға қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.
Алдын-ала жұмыс: дамыту, сұрақтарға жауап беруге үйрету.Қыс мезгілінің сұлулығын тамашалай білуге тәрбиелеу және ойын арқылы шапшаң қимылдар жасау икемділігін арттыру.
Көрнекілігі: Қар жамылған ағаштар, қарлар, қыс суреттері, аю кейіпкері, аққала кейіпкері, құстардың, аңдардың кеспе суреттері.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ- жауап, әңгімелеу, ойын ойнау, саяхат, мадақтау.
Сөздік жұмыс: қарлы, ызғарлы, аққала
Алдын-ала жұмыс: Қыс туралы өлеңдер жаттау, суреттермен жұмыс жасау. 


Жарияланған күні: 12-02-2015  

Қош келдің, Жаңа жыл!

Балалар әуенмен залға кіреді. Шыршаны айналып, дөңгелене тұрады. 


Жарияланған күні: 19-12-2014  

Желтоқсан жаңғырығы

Еліміздің тәуелсіз ел болу тарихына тоқталу, балалардың Отанын, жерін, елін сүюге, құрметтеуге баулу. Ел теңсіздігі, желтоқсан оқиғасы туралы түсінік беру. Тәуелсіз елге білімді ұрпақ тәрбиелеу. 


Жарияланған күні: 11-12-2014  

Армысың, Алтын күз

Мақсаты:Күз мезгілінің қыр-сырын жете меңгере білу.Оның өзгерістерімен таныстыру,әсемдікке баулу. Күзгі еңбек және табиғатты сүю, қорғау. Күз туралы балалардың дүниетанымдарын арттыру. Ата-ана, бала мен балабақша арасында қатынас орнату. 


Жарияланған күні: 29-11-2014  

Ғажайыптар әлемі

Білімділік: Балалардың бұрыннан таныс ертегілерін естеріне түсіріп, көркем шығармаға деген қызығушылығын арттыру. Сол арқылы ой өрісін, дүниетанымын кеңейту.
Дамытушылық: Ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту. Жарысқа, жылдамдыққа, ортақ мақсатқа, қызығушылыққа, ойын кезінде алған білімдерін көрсете білуге үйрету. 


Жарияланған күні: 19-11-2014  

Халықтар достастығы

-Ынтымақ, бірлік ұғымдарын түсіндіру
-Достық қарым-қатынасты нығайту
-Татулықта, бірлікте өмір сүруге тәрбиелеу.  


Жарияланған күні: 12-10-2014  

Табиғатты аялайық

Мақсаты:Ертегіні ағылшын тілінде сахналау арқылы, бір-бірімен диалог арқылы, еркін сөйлеуге дағдыландыру.Тақпақ, ойын, ән айту арқылы ағылшын тіліне қызығушылығын арттыру. Балаларға экологиялық, танымдық ұғым беру.Өз ойларын еркін жеткізе білуге үйрету. Табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыруға, әсемдікті, әдемілікті көре білуге,табиғатты қорғап аялауға үйрету.  


Жарияланған күні: 23-05-2014  

Көрікті көктем

Табиғат құбылысындағы мезгілдік өзгерістер туралы білімдерін бетіту. Бөлме гулдерін танып, олардың атауын дұрыс атау. Бөлме гулдерін отырғызу және көбейту тәсілдері туралы білімдерін бекіту. Граматикалық формада дұрыс сөйлеуге уйрету. Сөздік қорын молайту.Қоршаған ортаны,табиғатты аялай білуге уйрету. Табиғатқа деген суйіспеншілігін арттыру. Гүлдерге қамқорлық жасай білуге,ұқыптылыққа тәрбиелеу. 


Жарияланған күні: 30-04-2014  

Ғарышқа математикамен бірге

Білімділігі:Ғарышқа саяхат жасай отырып,балалардың математикаға деген қызығушылығын арттыру.Балалардың апта күндерін ретімен жаңылмай айтуға, санды санау,тура және кері санау,геометриялық пішіндерді ажыратып айтып білуін бекіту. 


Жарияланған күні: 14-03-2014  

Туған өлкеге саяхат

Туған ел. Отан жайында түсініктерін қалыптастыру. «Туған жер, ел, Отан» сөздерінің мәнін ашып, ойларын кеңейту; өз елі үшін мақтаныш сезімін қалыптастыру; туған елге деген құрмет; махаббат сезімдеріне тәрбиелеу; ұлттық қолөнеріне, өнерге, ойынға қызығушылығын арттырып, еңбекке баулу.  


Жарияланған күні: 14-02-2014  

Туған жер – алтын бесігім

Балаларға «Отан», «туған жер», «менің қалам» сөздерінің құндылықтарын түсіндіру.Туған жерін, елін сүюге, қадірлей білуге тәрбиелеу.Балалардың бойында патриоттық сезімдерді арттыру. 


Жарияланған күні: 10-01-2014  

Үй жануарлары

Үй жануарлары, төлдері туралы білімдерін кеңейту. Үй 
жануарларының, төлдерінің атын дұрыс айта білуге үйрету; Неліктен үй жануарлары деп аталатыны жөнінде түсінік беру. 
Сурет бойынша әңгіме құрастыруға үйрету. Олардың пайдасын 
айту. Күтіп баптауға, қорғап, қамқорлық жасауға төлдерге деген 
сүйіспеншілік сезімдерін ояту арқылы тәрбиелеу. 


Жарияланған күні: 25-12-2013  

Күз көрінісі (Ашық серуен жоспары)

Сабақ мақсаты: Балалардың күз мезгілі туралы түсінігін одан әрі кеңейту.
Баланың табиғатқа деген қызығушылығын арттыра отырып табиғаттағы мерзімдік құбылыстар жайлы, өсімдіктер әлемі мен құстар туралы түсінігін қалыптастыру ісін одан әрі жалғастыру. Сондай ақ табиғат құбылыстарын мұқият бақылауға және олардың арасындағы қарапайым байланысты анықтауға табиғаттың әсемдігін сезініп сүйе білуге, өсімдіктермен, жануарларға, құстарға қамқорлық пен қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу.  


Жарияланған күні: 01-11-2013  

“Fantasy Story World” "Ғажайып ертегілер әлемі"

Балалардың ертегідегі кейіпкерлердің рөлін ойнау арқылы әртістік қабілетін дамыту, ағылшын тілінде мәнерлеп сөйлеуге үйрету. Олардың дауысын салып, қызыға ойнау дағдыларын қалыптастастыру. Балалардың ертегіге, ағылшын тіліне деген қызығушылықтарын арттырып, сезімін, қиялын ояту.  


Жарияланған күні: 05-10-2013  

A trip to London

Мақсаты: балалардың сөйлеу дағдысын қалыптастыру, олардың Лондон туралы ой-өрісін дамыту, сөздік қорын молайту, адамгершілікке және өзге мемлекеттің тілін, салт-дәстүрін құрметтей білуге тәрбиелеу. 


Жарияланған күні: 27-03-2013