Армысың, Алтын күз

Мақсаты:Күз мезгілінің қыр-сырын жете меңгере білу.Оның өзгерістерімен таныстыру,әсемдікке баулу. Күзгі еңбек және табиғатты сүю, қорғау. Күз туралы балалардың дүниетанымдарын арттыру. Ата-ана, бала мен балабақша арасында қатынас орнату.

Жүргізуші:
Қайырлы күн! Армысыздар құрметті ата-аналар мен балалар. Ел байлығын арттырған берекелі күз айы да келді.
Береке бақ дарыған
Жомарт көңіл жарқын жаз 
Сары алтынға малынған
Жетті міне алтын күз!
Берекелі, мерекелі «Алтын күз» құтты болсын! 
Бүгінгі алтын күз атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Балалар, енді сендер менің бірнеше сұрақтарыма жауап беріңдерші?
-Неліктен күз мезгілін біз «Жомарт күз» деп атаймыз?
-Ал енді «Алтын күз» деп неліктен атаймыз? 
-Балалар, енді күз мезгілінің айларын атаңдаршы?
-Балалар күз мезгілінің қандай ерекшеліктері бар?
Енді балаларымыздың күз мезгіліне арналған «күз жомарт» әнін орындап берейік.
Ән: «Күз жомарт»
Жүргізуші: Ой балалар бірдеңенің сыбдырын естідім. Бізге біреу келе жатыр-ау деймін.
(Әуенмен залға Күз кіреді )
Күз: Сәлеметсіздер ме, балалар мен сендерге қонаққа келдім. Сендерді көргеніме ризамын.
Жүргізуші: Сәлеметсіз бе? Алтын күз Біздің мерекемізге қош келдіңіз. Төрден орын алыңыз. Сізге арналған балалардың тақпақтары бар. Соны тамашалаңыз.
Тақпақтар 4-5 бала
Күз: Балалар сендер мен туралы көптеген тақпақтар біледі екенсіңдер,рахмет сендерге. Меніңде сендерге арналған сыйлықтарым бар.Міне мына сыйқырлы сандық.Ешкім ашпасын деп сыйқырлы сөзбен кілттеп тастағанмын. Сол сиқырлы сөздерімді үш жапыраққа ұмытпас үшін жазып қойганмын. Кеше қатты жел тұрып жапырақтарды орманға ұшырып кетті. Ал енді осы сиқырлы сөздерсіз сандық ашылмайды. Балалар маған орманнан жапырақтарымды тауып беруге көмектесесіңдерме? 
Олай болса орманға аттанайық.
(Жай музыкамен балалар орындарынан көздерін жұмып орманға келеді)
Әуенмен түлкі келеді. 
Түлкі: Мен түлкімін, түлкімін
Мен әдемі түлкімін
-Ой орманға балалар келіп қалыпты ғой, неғып жүрсіңдер балалар?
Жүргізуші: Түлкі жан біз орманнан жапырақ іздеп жүрміз. Ол жай жапырақ емес сиқырлы сөздер жазылған жапырақ,қатты жел тұрып орманға ұшырып әкетті. 
Түлкі: Жапырақ дейсің бе? Кеше қатты жел болған менің қасыма бір жапырақ ұшып келген. Ол өзгеше болғасын алып қойдым. 
Күз: Ой, ол мүмкін менің жапырақтарымның бірі болар. Түлкі жан бізге жапырақтарды қайтарарсың.
Түлкі: Қайтару! Мен ол жапырақтарды жайдан жай қайтара алмаймын. Менің жұмбақтарымды шешесіңдер.
Жүргізуші: Қане балалар түлкі жанның жұмбағын шешіп жапырақтарымызды алайық.

Түлкі:Жер астында жез қазық,
Жеуге болар ас қазық. (сәбіз)

Көк лағым легенде жатып семіреді. (қарбыз)

Әрі қызыл,әрі тәтті,
Татқан жанды таңырқатты. (алма) 

Түлкі: Жарайсыңдар балалар, өздерің алғыр балалар екенсіңдер. Енді менімен ойын ойнайсыңдарма?
Ойын: « Дәмін ажырат»
Түлкі: Жарайсыңдар, олай болса сендердің жапырақтарыңды қайтарайын. Ары қарай жолдарың болсын. 
Жүргізуші: Сау болыңыз түлкі жан. Ал енді балалар одан әрі сапарымызды жалғастырайық. 
(Балалар көздерін жұмып тағы бір айналады) 
Әуенмен жолбарыс кіреді.
Жолбарыс: Әй,мына орманда шулап жүрген кімдер-ай өзі басымды ауырттыңдар ғой шулап.
Жүргізуші: Жолбарыс сәлеметсіз бе? Біз орманға келген себебіміз жапырақ іздеп жүрміз. Ол жай жапырақ емес сиқырлы сөз жазылған жапырақ.
Жолбарыс: Ә, ия кеше қатты жел болдығой өзгеше екен деп алып қойып едім, бірақ ол жапырақты жайдан жай бермеймін.
Жүргізуші: Біздің балалар өнерлі балалар қазір сізге қыздарымыз би билеп,балаларымыз тақпақ айтып береді. 
Би: Қолшатыр
Тақпақтар 4-5 бала
Жолбарыс: Ой, балаларым –ай, сендер биші екенсіңдер ғой, көңілімді бір көтеріп тастадыңдар. Сендерге жапырақты қайтарып берейін. Ары қарай жолдарың болсын!
Жүргізуші: Сау болыңыз жолбарыс! Қане балалар әрі қарай сапарымызды жалғастырайық. 
(Музыка әуенмен көздерін жұмып айналады)
Түшкіре әуенмен орманшы кіреді.
Орманшы ата: Сәлеметсіз бе? Балалар неғып жүрсіңдер,адасып кеткен жоқсыңдарма?
Күз: Жоқ, ата біз жапырақ іздеп жүрміз. Жапырақ жай жапырақ емес, сиқырлы сөз жазылған жапырақ. Кеше жел болып осы орманға ұшып кетті.
Орманшы ата: Ия кеше қатты жел болды. Жапырақтың бәрі әрі-бері ұшып маған келді. Бірақ сол жапырақтар ішінен бір өзгеше жапырақ көріп алып қойып едім. Бірақ ол жапырақты жай бермеймін.
Жүргізуші: Балалар қане олай болса орманшы атамызға би билеп берейік.
Би: «Рок-н-ролл»
Жүргізуші: Орманшы ата біздің балаларымыз билеп қоймай, әнді де жақсы айтады.
Ән: « Ағылшын Эфи Хаппи»
Орманшы ата: Ой, мына балалар қандай өнерлі балалар. Бір демалып қалдым. Би билеп, ән айтпағалы қашан. Балалар рахмет сендерге іздеп жүрген жапырақтарыңды берейін. Жолдарың болсын! 
Жүргізуші: Сау болыңыз, Орманшы ата! 
Күз: Балалар қане жапырақтарымызды санайық 1,2,3 олай болса бақшамызға қайтайық.
(Балалар көздерін жұмып, бір айналып бақшаға қайтады). 

Күз: Міне ,балалар балабақшамызға да оралдық, барлық жапырақтарды таптық, енді сиқырлы сөздерімізді айтып, садығымызды ашып аламыз. 
Күз: Ақ сандығым ашылсын 
Ішінен жібек шашылсын.

Әуенмен сандық ашылады. 

Міне сандықта ашылды, ішіндегі жеміс-жидектер сендердікі. 

Би: « Жапырақтар» 

Сендердің еңбектерің зор. Ал енді мен кетейін. Басқада балабақшаларға баруым керек.

Жүргізуші: Қош болыңыз Алтын күз 
Жолыңыз болсын! 
Сізге үлкен рахмет 
Балалар күз мезгіліне ризашылығымызды білдіре отырып 
Мерекеміздің соңында тағыда күзге арналған тақпақтарымызды айтайықшы.
4-5 бала тақпақ айтады

Ән: «Балабақша»
Жүргізуші:Осымен біздің «алтын күз» мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды.Уақытарыңызды бөліп келгендеріңізге көп-көп рахмет! 

Жарияланған күні: 29-11-2014  



«Елі сүйген, елін сүйген – Елбасы!»


Жарияланған күні: 24-05-2017  

Туған күнге арналған тәтті тоқаштар

icon

Білімділік: Нанның қандай еңбекпен дастырханға келетінін , балалармен бірге қайталай отырып , нанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Балаларды аспазшы кипіне еніп, ұннан жасалған өніммнен әр түрлі тәттілерді, орау , бүктеу, бастыру әдісін пайдалана отырып тоқаштар жасауға үйрету. Балаларға мерекені естеріне түсіре отырып, топ ішіндегі балалардың туған күндерінде бір-біріне жылы сөздер және мерекелік көңіл күй сыйлауға талпындыру. 
Тәрбелік: Балалардың бойында достық сезімін құрметтеуге тәрбиелеу. 
Дамытушылық: Балалардың ақыл-ойын, тілдік қорын, нанға деген сүйіспеншілігін дамыту.  


Жарияланған күні: 16-02-2016  

Қош бол балабақша!

Өтті қызық көп күндер,
Жеті жасқа жеттіңдер.
Барады олар мектепке,
Бір белестен өткендер  


Жарияланған күні: 25-05-2015  

Достық, Ынтымақ, Жеңіс күні

Балаларға Қазақстан Республикасының әлемде ең алғашқы мемлекеттің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру. Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлауға үйрету. Балаларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық тәрбие беру. 


Жарияланған күні: 12-05-2015  

Наурыз-жыл басы

Мақсаты: Балаларға наурыз мерекесі туралы мәлімет беру, салт – дәстүрмен таныстыру. Сыйластыққа , мәдениеттілікке тәрбиелеу. Қуанышты көңіл –күй сыйлау. 


Жарияланған күні: 06-04-2015  

"Мерекеңмен анашым"-ересектер тобы

8-наурыз мейрамы туралы түсінік беру, анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, аналар туралы өлең шумақтарын оқуда мәнерлі, сауатты, анық оқи алуға машықтандыру; 
оқушыны ізгілік, инабаттылық, сыйластық, адамгершілік сияқты қасиеттерге тәрбиелеу.
Залға әуенмен ұлдар кіреді. Екі жаққа тұрып қыздарды шапалақпен күтіп алып, орындарына отырғызады. 


Жарияланған күні: 13-03-2015  

Қыс қызығы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Көркем әдебиет,қоршаған ортамен таныстыру.
Мақсаты: Балалардың табиғат құбылысы жайлы ұғымдарын кеңейту, туған өлкеге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, тілдерін дамыту,балаларға қыс туралы түсінік беру,қыс мезгілінің ерекшелігін түсіндіру.Ормандағы аңдарға, құстарға қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.
Алдын-ала жұмыс: дамыту, сұрақтарға жауап беруге үйрету.Қыс мезгілінің сұлулығын тамашалай білуге тәрбиелеу және ойын арқылы шапшаң қимылдар жасау икемділігін арттыру.
Көрнекілігі: Қар жамылған ағаштар, қарлар, қыс суреттері, аю кейіпкері, аққала кейіпкері, құстардың, аңдардың кеспе суреттері.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ- жауап, әңгімелеу, ойын ойнау, саяхат, мадақтау.
Сөздік жұмыс: қарлы, ызғарлы, аққала
Алдын-ала жұмыс: Қыс туралы өлеңдер жаттау, суреттермен жұмыс жасау. 


Жарияланған күні: 12-02-2015  

Қош келдің, Жаңа жыл!

Балалар әуенмен залға кіреді. Шыршаны айналып, дөңгелене тұрады. 


Жарияланған күні: 19-12-2014  

Желтоқсан жаңғырығы

Еліміздің тәуелсіз ел болу тарихына тоқталу, балалардың Отанын, жерін, елін сүюге, құрметтеуге баулу. Ел теңсіздігі, желтоқсан оқиғасы туралы түсінік беру. Тәуелсіз елге білімді ұрпақ тәрбиелеу. 


Жарияланған күні: 11-12-2014  

Армысың, Алтын күз

Мақсаты:Күз мезгілінің қыр-сырын жете меңгере білу.Оның өзгерістерімен таныстыру,әсемдікке баулу. Күзгі еңбек және табиғатты сүю, қорғау. Күз туралы балалардың дүниетанымдарын арттыру. Ата-ана, бала мен балабақша арасында қатынас орнату. 


Жарияланған күні: 29-11-2014  

Ғажайыптар әлемі

Білімділік: Балалардың бұрыннан таныс ертегілерін естеріне түсіріп, көркем шығармаға деген қызығушылығын арттыру. Сол арқылы ой өрісін, дүниетанымын кеңейту.
Дамытушылық: Ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту. Жарысқа, жылдамдыққа, ортақ мақсатқа, қызығушылыққа, ойын кезінде алған білімдерін көрсете білуге үйрету. 


Жарияланған күні: 19-11-2014  

Халықтар достастығы

-Ынтымақ, бірлік ұғымдарын түсіндіру
-Достық қарым-қатынасты нығайту
-Татулықта, бірлікте өмір сүруге тәрбиелеу.  


Жарияланған күні: 12-10-2014  

Табиғатты аялайық

Мақсаты:Ертегіні ағылшын тілінде сахналау арқылы, бір-бірімен диалог арқылы, еркін сөйлеуге дағдыландыру.Тақпақ, ойын, ән айту арқылы ағылшын тіліне қызығушылығын арттыру. Балаларға экологиялық, танымдық ұғым беру.Өз ойларын еркін жеткізе білуге үйрету. Табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыруға, әсемдікті, әдемілікті көре білуге,табиғатты қорғап аялауға үйрету.  


Жарияланған күні: 23-05-2014  

Көрікті көктем

Табиғат құбылысындағы мезгілдік өзгерістер туралы білімдерін бетіту. Бөлме гулдерін танып, олардың атауын дұрыс атау. Бөлме гулдерін отырғызу және көбейту тәсілдері туралы білімдерін бекіту. Граматикалық формада дұрыс сөйлеуге уйрету. Сөздік қорын молайту.Қоршаған ортаны,табиғатты аялай білуге уйрету. Табиғатқа деген суйіспеншілігін арттыру. Гүлдерге қамқорлық жасай білуге,ұқыптылыққа тәрбиелеу. 


Жарияланған күні: 30-04-2014  

Ғарышқа математикамен бірге

Білімділігі:Ғарышқа саяхат жасай отырып,балалардың математикаға деген қызығушылығын арттыру.Балалардың апта күндерін ретімен жаңылмай айтуға, санды санау,тура және кері санау,геометриялық пішіндерді ажыратып айтып білуін бекіту. 


Жарияланған күні: 14-03-2014  

Туған өлкеге саяхат

Туған ел. Отан жайында түсініктерін қалыптастыру. «Туған жер, ел, Отан» сөздерінің мәнін ашып, ойларын кеңейту; өз елі үшін мақтаныш сезімін қалыптастыру; туған елге деген құрмет; махаббат сезімдеріне тәрбиелеу; ұлттық қолөнеріне, өнерге, ойынға қызығушылығын арттырып, еңбекке баулу.  


Жарияланған күні: 14-02-2014  

Туған жер – алтын бесігім

Балаларға «Отан», «туған жер», «менің қалам» сөздерінің құндылықтарын түсіндіру.Туған жерін, елін сүюге, қадірлей білуге тәрбиелеу.Балалардың бойында патриоттық сезімдерді арттыру. 


Жарияланған күні: 10-01-2014  

Үй жануарлары

Үй жануарлары, төлдері туралы білімдерін кеңейту. Үй 
жануарларының, төлдерінің атын дұрыс айта білуге үйрету; Неліктен үй жануарлары деп аталатыны жөнінде түсінік беру. 
Сурет бойынша әңгіме құрастыруға үйрету. Олардың пайдасын 
айту. Күтіп баптауға, қорғап, қамқорлық жасауға төлдерге деген 
сүйіспеншілік сезімдерін ояту арқылы тәрбиелеу. 


Жарияланған күні: 25-12-2013  

Күз көрінісі (Ашық серуен жоспары)

Сабақ мақсаты: Балалардың күз мезгілі туралы түсінігін одан әрі кеңейту.
Баланың табиғатқа деген қызығушылығын арттыра отырып табиғаттағы мерзімдік құбылыстар жайлы, өсімдіктер әлемі мен құстар туралы түсінігін қалыптастыру ісін одан әрі жалғастыру. Сондай ақ табиғат құбылыстарын мұқият бақылауға және олардың арасындағы қарапайым байланысты анықтауға табиғаттың әсемдігін сезініп сүйе білуге, өсімдіктермен, жануарларға, құстарға қамқорлық пен қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу.  


Жарияланған күні: 01-11-2013  

“Fantasy Story World” "Ғажайып ертегілер әлемі"

Балалардың ертегідегі кейіпкерлердің рөлін ойнау арқылы әртістік қабілетін дамыту, ағылшын тілінде мәнерлеп сөйлеуге үйрету. Олардың дауысын салып, қызыға ойнау дағдыларын қалыптастастыру. Балалардың ертегіге, ағылшын тіліне деген қызығушылықтарын арттырып, сезімін, қиялын ояту.  


Жарияланған күні: 05-10-2013  

A trip to London

Мақсаты: балалардың сөйлеу дағдысын қалыптастыру, олардың Лондон туралы ой-өрісін дамыту, сөздік қорын молайту, адамгершілікке және өзге мемлекеттің тілін, салт-дәстүрін құрметтей білуге тәрбиелеу. 


Жарияланған күні: 27-03-2013