Сайтымызға қош келдiңiз!

№ 57 «Ақбота» бөбекжайы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Мекен – жайы 28 шағын аудан.

Телефондары: 40-54-34, 40-54-04, 40-09-60.

№ 57 «Ақбота» бөбекжайы типтік жобамен 12 топ, құрылымы бойынша сыйымдылығы: 320 балаға арналып салынған. Балабақша 2008 жылдың ақпан айында ашылған.

Бөбекжайда 12 топ, жұмыс мезгілі 10,5 сағат.

Бөбекжай мемлекеттік тілде жұмыс жасайды.

Бөбекжайда жабдықталған ағылшын тілі, орыс тілі,  өзін-өзі тану, сурет, спорт, ән-саз залдары бар. Басшы, әдіскер, медбике, шаруашылық меңгерушісі және есепші бөлмелері жұмыс істеуге қолайлы жабдықталған.

Балабақша аумағында жасыл желектер, ойын алаңдары, гүлзарлар және спорт алаңы бар. Залдар, топ бөлмелері және кабинеттер қажетті құрал-жабдықтармен және жиһаздармен санитарлық нормаға сай, эстетикалық талғамға және балабақшаға сай жабдықталған.